• Әдебиет
  • 28 Тамыз, 2014

Асыл азамат еді

Үстіміздегі жылдың 24-тамызында аяулы дос, асыл азамат Қойшыман Әбдірахманұлы Тәженов дүниеден озды. Ол 1954 жылы 4-тамызда Жамбыл облысы, Бай­­­зақ ауданындағы Жаңа­тұрмыс ауылында дүниеге келген еді. Осында орта мектепті бітіріп, Шымкенттегі Мә­дениет және ағарту инс­титутында оқып, алғашқы курстан соң әс­кери борышын өтеуге аттанған болатын. Мұнан кейінгі оның өмір жолы еліміздің ғылымы мен білімінің, руханиятының алтын ордасы Алматымен тікелей байланысты болды. Бастапқыда С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінде оқыған ол, кейін білім ордасының физика факультетін бітіріп шықты. Университетте оқыған жылдары қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуымен көпшіліктің құрметіне бөленді. Түрлі республикалық бай­қауларға қатысып, жеңімпаз атанды. Өндірістен қол үзбей осы уни­верситеттің заң фа­куль­тетінің кешкі оқыту бөлімін ойдағы­дай аяқтап, мұнан ке­йінгі өмір жолын бү­тіндей құқық қорғау органдарының саласына арнады. Ол ішкі істер қызметінің кіші сержант дәрежесіндегі атақтан полковник дәрежесіне дейінгі сатылардың бә­рі­нен абыроймен өтті. Ішкі істер орган­да­рындағы қызметі­нен ­ке­й­ін оның еңбек жолы  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің қауіп­сіздік қызметін­де жалғасты. Мұнда да ол өзінің іскер­лігімен, ұйымдас­тырушылығымен көп құрметіне бөленді. Қойшыман Әбдірахманұлы өзіне тапсырылған міндетті абыроймен атқаруды парызым деп білді. Сондықтан да ол көпшілік құрметіне бөленіп, қатар құрбыластары мен достарының, ұжымдағы жолдас­та­рының мақтанышына айналды. Аяулы дос, ардақты азамат, асыл әкенің топырағы торқа, жатқан жері жайлы болғай. Бір топ жолдастары

3577 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы