• Ақпарат
  • 09 Қазан, 2014

Жаяу Мұсаның белгісіз фотосы табылды

Семейдегі Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында халық композиторы Жаяу Мұса Байжанұлының 87 жыл бұрын түсірілген фотосуреті журналистер қауымына таныстырылды.
Аталмыш мұражайдың директоры Жандос Әубәкіров Ж.Мұса фотосуретінің ғылыми іссапардың нәтижесінде табылғандығын айтты. Өнертанушы, әншi Ерлан Төлеу­тай бұған дейін халық композиторының екі фотосы табылса, мына сурет үшіншісі екендігін, осы суреттердің негізінде актерлерді таңдап алып, деректі, көркем фильм түсіруге болатынын жеткізді.
Ресей мұрағатында сақталған құнды жәдi­гер­дi Ж.Әубәкiров тауып­ты. 1927 жылы орыс ғалымы Федор Фиельструп Қазақ даласына саяхаттай келiп, жергiлiктiң халықтың тұр­мыс-тiршiлiгiн зерт­тейдi. Этнограф Семей губер­ния­сында, Павлодар, Баянауыл уез­де­рiне аялдап, атақты Шорман бай балаларының отбасын суретке түсiрiптi. Сол су­­рет­тердiң арасында 93 жастағы Жаяу Мұсаның да фотосы бол­ған.

3525 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы