• Әдебиет
  • 21 Қазан, 2014

ҒЫЛЫМ-ҒҰМЫР

Жуырда Алматыдағы «Арыс» баспасынан Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері профессор Рабиға Сәтіғалиқызы Сыздықова туралы «Ғылым-ғұмыр» атты кітап жарық көрді. Кітапты құрастырған және жауапты шығарушы филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес.

Қазақ тіл білімі ғылымының аспанында жарты ғасырдан астам жұлдызы жарқырап тұрған көрнекті ғалымның ғибратты өмір жолы мен биікке қол созған шығармашылық табыстары көпке үлгі, әсіресе ғылымға талап қылған жас буынға үлгі-өнеге. Ғалымның
90 жылдық мерейтойына орай жарық көріп отырған жинаққа академиктің «Өмірімнің баяны өз аузымнан» атты естелігі және Р. Сыздықова туралы жазылған очерк, мақалалар, оның еңбектерін талдаған сын-рецензиялар қамтылып отыр. Қазақ ғылымының тарихи даму жолы мен қарапайым қазақ қызының аспиранттан академикке дейінгі ғылым-ғұмырын баяндайтын кітап сөз өнерін қастерлейтін қалың көпшілік қауымға арналған.

 ҚҰРАСТЫРУШЫДАН

Аса хұрметлу уа мархаматлу Рәбиға Апай!

Ғылым жолын таңдаған, ғалым болмаққа талпынған әрбір талаптының, шәкірт-ізбасарыңыздың ой-пікірі:

Сіз киелі ана тіліміздің мызғымас қорғанысыз, шапағатты Абыз-Анасысыз! Ғылымға құлаш ұрған жас талаптың бой түзер, пір тұтар Темірқазық-Жұлдызысыз!

Сіз – Ғалымсыз! Сіз – Ұстазсыз! Сіз – Азаматсыз!

Ғалым! – кім ол?.. Ғылым жолы – қайда апармақ?..

Осы жолда жалғыз түйір ғұмырыңды сарп етсең, бақыт-берекеге кенелермісің? Өрмек жүзі ауғанда, сапан тірліктің соңы орны толмас өкінішке айналса ше?..

Рас болса, сонау көне замандарда жәй білімді адамның бедел-абыройы бай-патшадан кем болмаған деседі. Күні кеше күркіреп өткен ғасырдың бас кезінде, тіптен жуан ортан беліне дейін ел арасында оқыған азаматтың, тіл ұстартқан ұстаздың абырой-беделі көптің алдында, көштің ұшар басында болғаны хақ (осындайда ойға Ш. Айтматовтың «Алғашқы мұғалімі» оралады). Ал кеңестің дәуірлеген кезеңінде оқымысты академиктердің тұрмыс-тіршілігі таққа отырған министрден бір мысқал кем болмағанына мына біз де куәгерміз.

Ғалымның бедел-абыройы, ғылымның мехнатты жолы дәп бүгін қандай күйде екені баршамызға бек мағлұм. Әсіресе, қос мыңжылдық түйісінде, миллениумнің жолақ сызығы қақ жарған қос мүшел өліарасында бар байлығымыз – Академиямыздан айырылдық, өзіңіз алпыс жыл кіріп-шыққан қара шаңырағыңыз – Тіл білімі институты ілдебайлап, «шықпа жаным, шықпамен» отыр. Әйтеуір, үмітсіз шайтан деген... Сіздер көзден таса болған күні-ақ сол қара шаңырақ опырылып ортасына түспес пе екен деген сары уайым санамызды сары аурудай сарсылтты. Сосын да торқалы тоқсанға толған Сізге һәм Әбдуәли Туғанбайұлына арқа сүйеп, әлі де басымыздан сипаса екен деп жәудіреп тұрамыз.

Тоқсан демекші, бұл да бір Алланың бергені шығар, әлі де қаламыңыз қолыңызда, алғы күндерден үмітіңізді үзбей, жоба-жоспар жұптаудан жалықпайсыз. Көз-жанарыңыз суалса да, көкейіңізде сайрап тұрған жаңа жазбаңызды – «Ауызша дамыған қазақ әдеби тілі» атаулы монографияңызды тәмамдап, баспаға тапсырдыңыз. Біз таныған Апамыз сіз болсаңыз, тағы бір сілкініп алып, жаңа бір бел-белесті бағындырмаққа, жаңа бір кітапқа құлай берілетініңізге еш күмәніміз жоқ.

Шалқар талантыңыз бен сарқылмас талабыңызға тәнті болудан танбаған біз Сіздің мерейлі жасыңызды, аппақ болған басыңызды қайтып қадірлегеніміз, қайтып мәртебелегеніміз жөн деп шын пейілмен көп толғандық. Сіз туралы біз білгенді, біз сүйсінгенді байтақ еліңіз, ауданды Алашыңыз ізерлей тани түссе, әсіресе ғалым болмақ қайда деп әрі-сәрі күй кешкен жас талап ұл-қыздарыңызға жал-құйрық бітсе деген ниетпен тарту-белек ұсынуды жөн көрдік. Әке рухына жабысқан «халық жауы» атты қара күйені қайтсем ағартып жуам деп шыбын жанын қиған Мәншүк пен Әлиядан кейін ғылымның қия шыңына өрлеген қарапайым қазақ қызының ерлікке парапар ғұмыр жолы ұрпақ жадында жаңғырып, білім-ғылымға бейімі бар бақтылыға жолсілтер болсын деген игі тілегіміз көпшілік көкейінен де шығар деп ойлаймыз.

Бұл сый-кітап, шынын айтқанда, төрге озған мәртебелі Сізге емес, босағадағы қамкөңіл, жаны жадау бізге керегіректеу. Сізде бар, бізде жоқ – кесек мінез бен кең пішім, парасат пен пайым, мәрттік пен өрлік, турашылдық пен қайсарлық атқа қонған, базарға бет алған буынға да жұғысты болу үшін, аңыз-мифке айналған ата-баба ерлігі емес, өздеріңіз сияқты әке-шешеміздің өресі мен өрісі биік арман-мақсаттарының жер бетінен жоғалып кетпеуі үшін де қажеттірек сияқты.

Сонымен бірге болашақта бұл кітаптың жалғасы – «Академик Р. Сыздықова және қазақ тіл білімі» атты жинақтың дүниеге келетініне де Сізді сендіргіміз келеді.
Өйткені Сіз бастаған көшті жаңаша, креативті жалғас-
тырмақшы немере буынның талай зерттеуі бұл тарту-кітаптан шет қалды.

Қазақ ғылымының жолы ақ болып, ғалымдарының бедел-абыройы асқақтайтын күнде жолығалық!

4683 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала Халқы сүйген қаламгер
Келесі мақала Тілім тұнсын тұмадан... Төрегелді Тұяқбай

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Рустем

13 Тамыз, 2020

Құрметті отандастар! Ең алдымен, әр тұрғынның өз-өзіне және еліне деген сенімге ие болуын қамтамасыз етуге уәде беремін. Өзімізді және ой-өрісімізді айналамыздағы жақсы нәрселерге қарай өзгертсек – жақсы өзгерістерге қол жеткіземіз. Бастауында еңбек пен білім жатқан кезде, жолда кездескен еш қиындыққа қарамастан Қазақстан болашағы жарқын болатынына сенемін. Қабылданатын экономикалық шешімдердің ел дамуына, ұлт жағдайының көтерілуіне, азаматтардың материалдық жағдайының жақсаруына әсер етіп, адамдардың өмір сүргісі келетін, жұмыс істегісі келетін, оқығысы келетін орта құруына әсер етеді деп ойлаймын. Бай табиғи ресурстарымыз, еңбекқор да білімді халқымыз, мемлекеттің мықты саясаты арқылы еліміздің гүлденетінін дәлелдеуге дайынмын. Осы жұмысымда көпшілік тұрғындардың мені қолдайтынына, ұлттық мүдделерге жауап беретін саясатты ңске асыруға күш-қуатымыздың жететініне кәміл сенемін. Сонымен қатар, елімізде әділ сот пен жақсы басқаруды нығайту керектігін көрсетемін. Менің борышым – жеке өзім үшін емес, мемлекет игілігі үшін әсер ету. Республиканың дамуы өз қолымызда, біздегі күш-қуат, құрбаншылдық, отаншылдық халқымыздың саулығына негізделеді. Қазақстан халқы – оның ең басты да ең құнды мемлекеттік байлығы. Адам – ол экономиканың бастауы мен мақсаты. Сондықтан да мен адамның, отбасының, мемлекеттің теңдестірілген дамуын ең басты етіп көрсетемін. Кей кездері бізге білім мен тәжірибенәі жеткіліксіз болып қалуы себебінен, менің басымдылығым – білім жүйесі. Дамыған елдерде білім мен дана ой және олардың тиімді пайдаланылуы – ел өсуінің негізі. Ел мүддесінің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде халықаралық аренада оны нық қорғауымыз керек. Ең негізгі құндылығымыз – еркін, тәуелсіз, дамыған қазақ мемлекеті. Біз оны қорғаймыз. Басты мәселеміз – қазақ мемлекетінің егемендігі мен оның қорғанысы екенін әрдайым айтып жүрмін. Қосқым келетіні, қазақ мемлекетінің дамығанын қаласақ, Қазақстан халқының амандығын қаласақ, бұл жеткіліксіз. Бізге керегі, жоғары мемлекеттік лауазымнан бастап ең қарапайым жұмысқа дейін әр адам мемлекетке, ойына, шешіміне, іс-әрекетіне дербес қарап, өзін еркін сезіне білуі керек. Барлығымыз бірге еркіндік ауасымен тыныстайтын боламыз. Керей мен Жәнібек хандар құрған мемлекет көптеген ұрпақтардың күш-жігері арқылы халқымызды бүгінге жеткізді. Мемлекеттілігімізді нығайтудағы ата-баба ісін жалғастыруға міндеттіміз. Әр халықтың тарихы өзінше қиын. Біздің тарихымыздың қиын болып қана қоймай, үмітке толы болғандығына қуануымыз керек. Бүгінгі күні тәуелсіз және егеменді ел екендігімізді, аспан түстес байрағымызға мақтанышпен қарай алатынымызды айта аламыз. Бұл – тарихымыздың ең жақсы жетістігінің куәсі. Біздің тарихи жолымызда талай сынақтар, жеңістер мен жеңілістер, ауыр шығындар және жарқын үміттер болды. Осы жолда халқымыз өсті, нығайды. Қазақстанның ары қарай дамуы үшін адамдардың өз мемлекетіне деген сенімі мен біріккен еңбек қажет. Қазақстан игілігі үшін тер төгуге дайынмын! Қазақстанды біз өзіміздің жақын, сұлу адамымыздай жақсы көреміз. Өз сезімдерімізді жиі жасырсақ та, Отанымызбен бірге оның жетістіктеріне қуанамыз. Қиын кездерде мұңаямыз. Үміттерімізді ақтамаған кездері ренжиміз. Алысқа кеткенде сағынамыз. Қазақстанда болған кезде де, басқа жақтарда жүрген кезде де уайымдап, болып жатқан оқиғаларды қадағалауды тоқтатпаймыз. Жерді, халықты, отандастарды адам өзі таңдамайды. Қазақстан бізді таңдады. Сондықтан да біз осындамыз. Бізді таптады, бірақ езіп тастай алмады. Бізге оқ атты, бірақ құлата алмады. Бізді жаулап алды, бірақ бағындара алмады. Әр жерге тарап кеттік, бірақ біздің тамырымыз осы жерде. Қазақстан жаһандық экономикада әрекетшіл болуы керек. Қазақ мемлекеті өз дамуында бедел мен мақсатқа жету мүмкіндігіне ие болуы үшін, экономикамыз жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Болашақтағы Қазақстан еңбекқор, білімді, азаматтық жауапты және ұйымшыл халық өмір сүретін ақылмен басқарылатын, экологиялық, шығармашыл, әлеуметәк ұлттық мемлекет болады. Қазақстан – мықты халқы бар ел. ХХІ ғасырдың жаңашыл Қазақ мемлекетін құратынымызды білемін. Қазақстан басқа елдермен достық, ынтымақтастық, сыйластық негізінде байланыс орната алатын белсенді, инновациялы, шығармашыл және ұлттық ел болатынына сенімдімін. Барлық ойым мен ісімді осы мақсатқа арнауға дайынмын, себебі мен Қазақстанды сүйемін. Жаратқан иеміз Қазақстанымызға қолдау болсын! Жаратқан иеміз еңбегімізге демеу болсын!

ANA TILI №43

22 Қазан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор