• Білім және ғылым
  • 11 Желтоқсан, 2014

Балаларға-базарлық!

Жарық қалай жаратылған?

– Төбем тесіліп, шаншиды. Күн райы да бұзылды-ау. Қарашы, ағаштар тербеліп жатыр. – Соңғы кезде көзімнің түбі суырылып ауыратыны-ай. Берік пен Серіктің денсаулықтары сыр берсе де, қара қобдишаға үңілулерін қояр емес. «Өрмекші адам – 3» фильмі аяқталды да, басқа телеарнадан «28 күн өткен соң» атты кино жалғасты. Зертханадағы толған құтылардың бірінен ерекше күшті бір тамшы қан бөлінді де, жебір-вирусқа айналды. Аса жылдамдықпен көкке көтеріледі де, тіршілікті бүлдіре бастады. Небір жазықсыз адамдардың қанына түсіп, оларды азаптап өлтіруге кірісті. Біраздан соң, жер шары бос кеңістікке айналып кеткендей екен. Осындай қиын-қыстау кезде Алла Тағала адамзатқа көмек қолын созбасын ба? Бір топ жанкешті адамға Құдайдың өзі мықты қорғаныш қабілет сыйлады. Олар 28 күннің ішінде Ғаламшарды қансорғыш-вирустан құтқаруға тиіс болды. Шым-шытырық, қорқынышқа толы оқиғалы фильм жеткіншектерді бірден баурап алды. Осы сәт жел күшейіп, кенеттен жарықтың бәрі сөніп қалды. – Қап, киноның соңын көре алмадық қой, – деп өкінді Берік. – Анау не? Серік қабырғадан алып құбыжықтың сұлбасын байқап қалды. – Сенің қан қысымың жоғары. Әлдене елестеген болар. Күніне кем дегенде 7 кино, ол аз десең «Тауықтарға шабуыл», «Контр Страйк», «Көпіршіктерді атқылау», «Кө­ліктер жарысы», тағы басқа толып жатқан компьютерлік ойындарың бар. Қалтаңда қос ұялы телефоның қылтияды. Осының бәрі жағдайыңды ауырлатты ма, бала? Беріктің айтқандарына келіспеске ­амалы, кәне? Электронды ақпарат желілері мінез-құлқына, ақыл-есіне, ой-өрісіне тигізер зиянын бұрын таразылап көрмегені ақиқат еді. Сондықтан да басы айналса да тіл қатпады. – Осы электр жарығы неткен күрделі және тылсым. Айнымалы және тұрақты тоқтар дейміз. Кернеулер де әркелкі болады. Әншейінде ғой жарықтың қадірін білмейміз. Енді, міне, электр сымы бір жерде үзілді ме, көп үйлер жарықсыз қалды, – деді Берік. – Мен бас ауруына теледидардың, қоршаған ортаның ықпалы мол екенін жаңа ғана ұққандаймын. Бас сырқаты 20 түрлі дерт туралы хабар беретіндігін бұрын естісем де, мән бермеппін. Серік бас сақинасы, остеохондроз деген сырқат­тардың түк еместігін, ал эпилепсия, инсульт, қатерлі ісік, құлақтың ішкі қабаты, яғни вестибуляторлық аппараттың зақымдану фактілері жасөспірімдердің арасында да жиі кездесіп отырғандығы туралы тың дерек­терді таратты. – Биылғы жылдың 6 айында ғана ғалам­торда 20,4 миллион сайт ашылыпты. Сөйтіп, теледидар сөнді де, ағайынды екі ұлдың қызу пікірталасы ұзаққа созылды. Бірі – табиғаттың нақ өзінен, желден, судан, ауадан қуат алатын электр тоғы  туралы ойға берілсе, екіншісі – жарық сәуле, тіршіліктің нәрі қалай жа­ратылатындығын білуге талпынып, қиялдануда. Ал жұмбақ жаратылыстың бірі – Ай терезеден балалар жатқан бөлменің терезесінен сығалауда... Арыстан мен тышқан Ерте, ерте, ертеде орман патшасы арыс­тан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан ұйқы­сынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып: – Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жол­ға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызме­тіңізге жарармын, – депті. Арыстан оның сөзіне күліп: – Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың, – деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым» деп жөніне ойнап кете беріпті. Күндердің күнінде арыстан жортып келе жатқанда, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты. Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап: – Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға: –  Мені кішкентайсың, – деп мән бермеуші едің. Міне, сені бір ажалдан алып қалдым, –  депті. Осылайша арыстан жа­салған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.

Бетті дайындаған Нұрлан ҚҰМАР

3398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы