• Білім және ғылым
  • 19 Ақпан, 2015

«Тіл – ұлт және мемлекет негізі»

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 2015 жылғы 19-ақпан күні сағат 10.00-де «Іскер» бизнес орталығының Мәжіліс залында (Сарыарқа-Абай даңғылдарының қиылысы, 2-қабат) Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және «Халықаралық Ана тілі күніне» орай «Тіл – ұлт және мемлекет негізі» атты дөңгелек үстел өткізеді. 

Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап өткендей, биылғы жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Атап айтқанда, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Рес­публикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Аталған дөңгелек үстелдің арқауы, негізгі бағыты осы болмақ. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің ұлт және мемлекет үшін маңыздылығын, негіз екенін көрсету. Ана тіл ұғымын қалыптастыра отырып, қазақ халқы ана тілінің қоғамдағы басымдылығын, рухани ұйыстырушы, ұлтаралық бірлікті нығайтушы фактор ретіндегі айқын рөлін түсіндіру, сонымен бірге Қазақстандағы этностардың ана тілдерінің дамуы мен сақталуы жөнінде пікір алмасу. Отырыс барысында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының ұлт руханияты және ел бірлігі тұрғысындағы құндылықтары, ел тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын күшейтудегі мемлекеттік тілдің мәртебесі мен орны төңірегінде ой қозғалмақ. Аталған іс-шараға Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Алдан Смайыл, Камал Бұрханов, Розақұл Халмұрадов, Оразкүл Асанғазы, Зухра Саяпова, Әсима Бимендина, Бақытбек Смағұл, сондай-ақ Жамбыл Артықбаев, Өмірзақ Озғанбаев, Сұлтан Оразалы, Мұхамбедия Ахметов, Ғарифолла Есім сынды зиялы қауым өкілдері қатысады. Сонымен қатар бұл дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы, орталық және жергілікті атқарушы орган, үкіметтік емес ұйым және жастар қозғалыстары, оқу орындарының өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен жексенбілік мектеп жетекшілері, блогерлер, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылған.

А.Оспан

3038 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы