• Тіл
  • 26 Ақпан, 2015

«Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!»

Скоро весна, а это значит, что  впереди праздники «8-Марта – Международный женский день» («8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні») и  праздник «Наурыз». Что можно подарить девушкам на 8-Марта? Например:

Иіссу – духи. Гүл – цветы. Раушан гүлі – роза. Қызғалдақ – тюльпан. Бәйшешек – подснежник. Орамал – платок. Сырға – серьги. Алқа – цепочка. Сақина – кольцо. Көйлек – платье. Кітап – книга. Шоколад – шоколад.

Примеры из разговорной речи: Әпкеме 101 раушан гүлін сыйлағым келеді – Хочу подарить сестре 101 розу. Көк орамал қанша тұрады? – Сколько стоит синий платок? Мерекеге орай Айжан жеңілдікпен алтын алқа сатып алды – Ко дню праздника Айжан со скидкой купила себе золотую цепочку. 8-наурыз мерекесіне әдемі көйлегімді киіп барамын – На праздник 8-марта одену красивое платье.

Мерекеге арналған тілек – Пожелание к празднику

«8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мейрамы құтты болсын! Көктемдей жарқырап, әдемі болып жүре беріңіздер! Сіздерге әйел бақытын тілейміз! Жастарыңыз ұзақ, дендеріңіз сау болсын! В праздничный день  девушки такие красивые, что без комплиментов тут не обойтись. Например: Как вы хорошо выглядите! – Әдемі болып тұрсыз! Ты сегодня прекрасно выглядишь! – Бүгін құлпырып кетіпсің! Вы не меняетесь – Сіз өзгермейсіз. Вы все молодеете – Жасарып барасыз. Вам идет улыбаться – Сізге күлген сондай жарасады. Вам идет короткая стрижка – Сізге қысқа шаш үлгісі жарасады. Вам идет одеваться в яркие тона – Сізге ашық түсті киімдер жарасады. Как вам идет эта белая рубашка! – Сізге ақ жейде сондай жарасады! Вам к лицу эта красная шляпа – Қызыл шляпа сіздің өңіңізді ашады. Ваше желтое платье вам так идет! – Сары көйлегіңіз сізге сондай жарасымды! У вас красивая синяя сумка – Сіздің көк сөмкеңіз әдемі. Вы всегда красиво одеты – Сіз әрдайым әдемі киінесіз. Вы всегда модно одеты – Сіз әрдайым сәнді киінесіз. Вы всегда со вкусом одеты – Сіз әрдайым талғаммен киінесіз. С вами приятно иметь дело – Сізбен жұмыс істеу ұнайды. Какая у вас красивая дочь! – Қызыңыз қандай әдемі!

Сұлу – Красивый

Сұлу – әдемі, көрікті, сымбатты, көркем, әсем, келбетті, нұрлы, сүй­кімді, көз жанарын алатын, ажарлы. Как видим, слово «сұлу» включает в свой состав больше синонимов. 22-марта – праздник «Наурыз». На праздничном столе обязательным блюдом  является «наурыз көже». Для этого нужно 7 компонентов: 1. Су – вода. 2. Ет – мясо. 3. Тұз – соль. 4. Май – масло. 5. Ұн – мука. 6. Бидай – пшеница. 7. Сүт – молоко. Қатық – катык. Айран – кефир. Примеры из разговорной речи по теме «Наурыз» и «Наурыз көже» Отбасылық мерекенің басты тағамы – наурыз көже. Наурыз коже – главное блюдо семейного праздничного стола. Көжеге міндетті түрде ақ құяды: сүт, қатық немесе айран қосуға болады. Также важен молочный ингредиент, можно добавить молоко, катык либо кефир. Наурыз көжені бүкіл ауыл болып, үлкен қазанға пісіретін. Наурыз коже готовили всем аулом в большом казане. Наурыз көже денсаулыққа пайдалы. Наурыз коже полезно для здоровья. Білуімізше, «Наурыз» сөзі «жаңа күн» немесе «жаңару» деген мағынаны білдіреді. Как известно, слово «Наурыз» означает «новый день» или «время обновления».

Жыл аттары – Летоисчисление

Тышқан – мышь. Сиыр – корова. Барыс – барс, тигр. Қоян – заяц. Ұлу – улитка (год Дракона). Жылан – змея. Жылқы – лошадь. Қой – овца. Мешін – обезьяна. Тауық – курица (год Петуха). Ит – собака. Доңыз – кабан. Примеры из разговорной речи: 2013 Жылан жылы қуанышқа толы болды – 2013 Змеиный год для нас был полон радостей. 2015 Қой жылы атаулы күндерге толы жыл – 2015 год Овцы полон знаменательных дней. Қазақтардың жыл санауы бойынша 2030 – Барыс жылы – По летоисчеслению казахов 2030 – год Барса. Майра 1968 Мешін жылында дүниеге келген – Майра родилась в 1968 – год Обезьяны.

Пошта – Почта

Хат – письмо. Жөнелту – отправка. Жеткізу – доставка. Ақшалай аударым – денежный перевод. Қолхат – доверенность. Бланкіні толтыру – заполнить бланк. Конверт – конверт. Қалам – ручка. Қызмет хат – служебное письмо. Ресми хат – официальное письмо. Кіріс хат – входящее письмо. Шығыс хат – исходящее письмо. Жедел хат – телеграмма. Қосымша – приложение. Хаттың нөмірі – номер письма. Хат алу – получать письмо. Хат жіберу – послать письмо. Хат жазысу – переписываться. Мекенжай – адрес. Индекс – индекс. Біреудің хатына жауап беру – отвечать на чье-либо письмо. Примеры из разговорной речи: Жақын арадағы пошта бөлімшесі қайда орналасқан? – Где ближайшее почтовое отделение? Маған хат бар ма? – Для меня есть письмо? Поштаны сағат үште жеткізеді – Почту доставят в три часа. Іңкәр сіздің хатыңызды кеше алды – Инкар вчера получила ваше письмо. Мына хаттың индексі жазылмаған – В этом письме нет индекса. Жедел хатты мына мекенжай бойынша жіберіңіз – Отправьте телеграмму по этому адресу. Кіріс хаттың нөмірі тіркелсін – зарегистрировать номер входящего письма. Шығыс хаттың нөмірін кешегі күнмен жіберіңіз – Номер исходящего письма отправьте задним числом.

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75. Рубрику ведут: Дәуіржан Төлебаев, Динара Масакова

3405 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы