• Білім және ғылым
  • 22 Қаңтар, 2009

Жәутіков жүлдесіз қалды

Алматыда физика, математика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Республикалық О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының ұйымдастыруымен өткізілген бқл сайысқа әлемнің 16 елінің 305 оқушы қатысты. Бұл сайыста бас жүлдені Мәскеу мемлекеттік университеті мамандандырылған математика мектебінің құрамасы ұтып алса, бірінші орынды Беларустың БГУ лицейінің тобы, екінші орынды украиналық Т. Шевченко атындағы лицей оқушылары жеңіп алды. Біздің павлодарлық № 8 мектеп-лицейдің оқушылары ғана 3 орынға табан тіреді. Бұрын талай аламанның алдын орап жүрген Жәутіков мектебі осы сайыста жүлдесіз қалды. Өткенде ғана қазақ балалары есепті шемішкеше шағады деп мақтанған Жансейіт Түймебаев бұған не дер екен?

3685 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы