• Әдебиет
  • 15 Наурыз, 2015

Мұратым айқын көксеген...

Кәкім БӘКІЖАН – Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Құркөл ауылы С.Дөнентаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы

КҮН ШЫҒЫП КЕЛЕДІ... Кенеттен жоғалды олар, аласталды, Жұлдыздар жымыңдасып жарасқан-ды. Нұр қанатын кең жайып күн шықты, әне Көгілдір түске бояп қара аспанды. Айға жаным ашып тұр қалыс қалған, Қош келіпсің, бақыттың әні ұшқан таң. Заңғардан ұзатылған күн арудың, Көрінді әне, сәукелесі алыстардан. ҚАЛЫҚТА, БОСТАНДЫҚ ҚЫРАНЫ Қалықта, бостандық қыраны, Шаттықтың естілсін жыр әні. Көгімде желбіреп Көк туым, Шырқалсын елімнің ұраны. Қалықта, бостандық қыраны, Сарқылмай жарымның бұлағы. Сен барда мәңгілік тұрады, Жарқырап үміттің шырағы. Қалықта, бостандық қыраны, Самғай бер әлде де жоғары. Төменде қалғанын қалаймын, Михнат пен зардаптың мұнары. Қалықта, бостандық қыраны, Көңілде жарқын ой тұр әлі. Тұрақты болса екен әрқашан, Елімде азаттық тұрағы. ТІЛІМ МЕНІҢ Жамылған жасыл көрпесін, Көрдің бе, қазақ өлкесін? Жырлаумен мәңгі өтермін, Бір таңы менен бір кешін. Тілім бар, менің бағым бар, Тіл десе, кеудем жалындар. Алғанша жалғыз тілімді, Тәңірім менің жанымды ал. Сезімді біраз шайқайын, Естілмей жатса айғайым. Жалғызым тілім болмаса, Сырымды қалай айтайын. Ертеңгі күнге бек сенем, Мұратым айқын көксеген. Кейінгі біздің ұрпаққа, Сол тілім аман жетсе екен. Жырлайын және толғайын, Жеткендей жұртқа көп жайым. Лапылдап іште жатқанда ой, Қалайша айтшы, тоқтайын?!

3341 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы