• Білім және ғылым
  • 09 Сәуір, 2015

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық әкімшілігі, аудандық «Қазақ тілі» бірлестігі, «­Аяжан» білім беру колледжі, №26 кі­тап­хана ұжымы бірлесіп №76 жалпы білім беретін орта мектепте Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала: тарихты тарқатқан тұлғалар» атты әдеби-сазды кеш өткізді. «Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Қазақ хандығының ал­ғашқы ас­таналары» деген та­қы­рыптарда баян­дамалар жасал­ды. Кеш қонақтары «Қа­зақ хан­ды­ғының құрылу ­тарихы» монографиясының авторы, тарих ғылымының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті Берекет Кәрібаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты Едіге Ноянов, «Аяжан» білім беру колледжінің директоры, аудандық «Қазақ тілі» бірлестігінің төрайымы Күлдарихан Құрымбаева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Лаура Мақашева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айсұлу Қалымбетова өз сөздерінде бай тарихымыздың бүгінгі жас­тарды елдік, патриоттық рухта тәрбиелеудегі рөліне ерекше көңіл аударды. Колледж студенті Мақпал Қабдолованың баяндамасында Қазақ мемлекеттілігінің құрылу тарихын білу әрбір қазақстандық жастың міндеті екендігі айтылды. Құрманғазы атындағы мем­лекеттік академиялық қазақ ха­лық аспаптар оркестрінің, «Соло­вушки» ансамблінің және №76 мек­тептің «Әдем-ай» әншілер тобы мүшелерінің өнері қуанышқа кенелтті. Дәулеткерейдің «Көрұғлы», Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйлері өнерпаздар орындауында кеш мазмұнын байыта түсті. №26 кітапхана меңгерушісі Светлана Апсалықова «Қазақ хандығына 550 жыл» атты кітап көрмесіне шолу жасай отырып, кеш қонақтарын сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы және тағы басқа ежелгі мемлекеттер жайлы әдебиеттермен, М.Дулати, Ш.Уәли­ханов, Л.Гумилев, М.­­Қо­зы­баев сын­ды атақты тарихшы­лардың зерт­теулерімен, Қазақ хандығының құры­луы мен атақты хандарымызға қатыс­ты тарихи деректермен таныс­тырды.

А.РАХМЕТХАН

2623 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы