• Білім және ғылым
  • 28 Мамыр, 2015

Әскер – ел қорғаны

Астана өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу орталығының базасында роталық-тактикалық оқу-жат­тығулары өткізілді. Жаттығудың мақсаты – кіші буындағы офицерлердің қызметін жандандыру, олардың дербес жауынгерлік бірлік ретіндегі бөлімшелердегі рөлін арттыру. Жаттығуда Астана өңірлік қолбас­шылығына қарасты құрамалар мен бөлімдерден отыздан астам офицерлер мен сержанттар қатысты. Роталық-тактикалық оқу-жаттығуларына 31775 әскери бөлімінің 1 мотоатқыштар батальонының 1 мотоат­қыштар ротасы бөлімінің қолбасшылығы жетекшілік жасады. Полигонда 12 оқу нүктесі жасақталып, әскери және техникалық мүлік үлгілері қойылды. Бұл оқып үйренушілер үшін көрнекі құрал ретінде қызмет етсе, жетекшілерге оқу тақырыбын тиімді үлгіде түсіндіруге мүмкіндік берді. Рота, взвод командирлері жаттығудың әртүрлі кезеңінде өздерінің қызметтік міндеттері туралы нұсқаулықтарды тыңдап, жауын­герлік қимылдардың жаңа тәсілдері және жеке құраммен жұмыс істеу әдістері туралы ақпарат алды. – Жаттығу өткізу барысында біз өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеке құрамның дайындығы, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану мәселелерін пысықтауға барынша мән бердік, – деп атап өтті №31775 әскери бөлім командирі полковник Нұрлан Осмонов. – Кіші буындағы командирлер жауынгерлік өкімді алған сәттен бастап, іс-қимыл әрекетін дұрыс түсінуі қажет. Көрсетілімдік роталық-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізу жас офицерлерге аға буынның бай тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік берері сөзсіз. Сонымен қатар олар теориялық білімдерін жетілдіріп, қызметтік міндеттерін сапалы орындауға қажетті пайдалы ақпарат ала алды. Думан Құрманғалиев

2677 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы