• Ақпарат
  • 24 Маусым, 2015

Қостанайда өлген киіктердің мүйізін сатқан азамат сотталды

Қостанайда ақбөкендердің өлексесін жинауға қатысқан волонтер бір жылға бостандығынан айрылды. 38 жастағы азамат өлі киіктердің мүйізін кесіп алып, саудаға салған деп хабарлайды KTKтелеарнасы.
Амангелді ауданының тұрғыны киік қырылған кезде еріктілер қатарына кіріп, санитарларға даладағы өлекселерді жинауға қолқабыс жасаған екен. Тек волонтердің өз көздегені болыпты. Ол бірнеше түз жануарының мүйізін жасырын кесіп алған. Сөйтіп, саудаға салып, ақша жасамақ болыпты. Қара нарықта киік мүйізінің келісі 80 мың теңге. Ал бұл азамат салмағы 5-6 келі тартатын 4 мүйізді саудалаған. Көктемнен бері Қостанай, Ақтөбе мен Ақмола облыстарында 150 мыңдай киіктің қырылған болатын. Бұған пастереллез індеті себеп делінгенімен, әзірге жұттың нақты себебі белгісіз. KTK телеарнасы

15652 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы