• Ақпарат
  • 24 Маусым, 2015

Қастеев атындағы өнер мұражайындағы жәдігерлер 3D форматында көрсетілмек

Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайындағы жәдігерлер 3D форматында көрсетілді. Тарихи мұраны жандандыру үшін, инновациялық құралдар қолданылмақ. 4c97605ee13eb4aede0bb1f1fad9db44 Көненің көзін жаңа нұсқада ұсыну жайлы идеялар бір жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Соңғы 2 айда жұмыс қыза түскен. Ғаламтор қолданушылары жуырда инновациялық жобамен музей сайтына кіру арқылы таныса алады. «Бұл жобаның басты мақсаты - музейге көрермендердің қызығушылығын арттыру. Мұражайда «Виртуалды 3D галереясын» ашу бұл менің ойымша, өте қызықты жоба. Өйткені қазір ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың заманы. Соған байланысты музей де артта қалып қалмай, сол заманмен бірге аяқ басуда. Ең бастысы сол көрермендерді тарту, ағылып келуіне себепші болу»,- деді Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы ақпараттық технология орталығының инженер-программисті Есжан Шыңғыс. Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында 24 мыңнан аса құнды жәдігер бар. Көпшілік назарына оның 30 пайызы ғана қойылған. Ал, қалғаны қорда сақтаулы. ALMATY.TV

16577 рет

көрсетілді

70

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы