• Ақпарат
  • 24 Маусым, 2015

Бішкекте Қырғызстан Конституциясының өзгеруіне қарсы митинг өтіп жатыр

Бішкекте Қырғызстан Конституциясының өзгеруіне қарсы митинг өтіп жатыр. Наразылық шарасына 100-ге жуық адам қатысып жатыр, - деп хабарлайды 24.kg. Шараға қатысушылар ҚР парламенті ғимаратының маңына жиналды. Олар елдегі Негізгі заңның өзгеруіне қарсы. "Біз бір сағаттан бері тұрмыз. Жогорку Кенештің немесе президент әкімшілігінің ең құрғанда бір өкілі шықса екен. Біз ешкімді жазалағымыз келмейді, тек Конституцияға тиіспеулерін сұраймыз. Кіріп, өз талаптарымызды айтқымыз келеді. Мүмкін қалың қабырғадан естімей отырған болар, қоршаудан секіріп өтпейміз", - деді белсенді Мәулен Асқарбеков. Республикалық құқық қорғау қозғалысы және қоғамдық ұйымдардың бастамасымен ұйымдастырылған наразылық акциясына қатысушылар қоршауға коалициялық парламент фракциясы лидерлері мен Қырғызстан президенті әкімшілігі басшысының сызылған портреттерін іліп қойды. Оларға "Елге тиіспеңдер!", "Бассыздыққа жол жоқ!", "Конституцияға тиіспеңдер!" деп жазылған. Қолдарында "Конституциядан қолдарыңды тартыңдар!" деп жазылған плакат бар, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, бұған дейін Жогорку Кенештің конституциялық заңы мен мемлекеттік құрылымына негізделген адам құқықтарын қорғау жөніндегі комитет Конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдум өткізу заңның концепциясын мақұлдаған болатын. Өзгеріс енгізуді ұсынушылар конституциялық палатаның статусын өзгертіп, оны сот органдарынан шығарып тастауды, Жоғарғы соттың құрылымын өзгертуді ұсынған болатын. Сонымен қатар, парламентшілерден таңдалынып алынғандар министрліктен кеткеннен екйін қайтадан депутат бола алатыны туралы норма да ұсынылды. Оны премьер-министр мақұлдады. Tengrinews.kz

16409 рет

көрсетілді

36

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы