• Ақпарат
  • 25 Маусым, 2015

Әріптестік көкжиегі кеңейе түспек

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мексика Парламенті Сенатының Комитет Төрағасы, Ұлттық Әрекет пар­тия­сының мүшесі Габриэла Куэваспен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен даму мәселелерін талқылады. Е.Ыдырысов Қазақстан мұнай-хи­мия­лық, машина жасау, тау-кен өн­дірісі, металлургиялық, тоқыма және тағам өнеркәсібі салаларында Мекси­камен тығыз ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты. Қазақ­станның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы келіссөздер аяқтал­ғанын назарға ала отырып, министр күзге жоспарланған Президент Н.Ә.Назарбаевтың Мексикаға сапары барысында қосарланған салықты болдырмау туралы конвенцияға және өзара инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қоюды, сондай-ақ Қазақстанның мексикалық визаларды электрондық растау жүйесіне енуі туралы мәселені қарауды ұсынды. Кездесу соңында министр Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын 2013 жылы қолдағаны үшін Мексика тарапына алғыс айтты. Өз кезегінде Г.Куэвас Мексика Қазақстанның ішкі саясаттағы және халықаралық аренадағы жетістіктерін жіті бақылап отырғанын, сондай-ақ әр салада екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.

2130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы