• Қоғам
  • 02 Шілде, 2015

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:«Туған елім – тірегім»

Елбасы және Ел. Бір-бірінен ажырату қиын. Елбасы Еліне қажет. Елі Елбасына үміт артады. Бүгінгі үлкен жетістік – еліміз Елбасымен мақтана алады. Тек біз ғана емес, сырт көздің өзінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген ықылас-пейілдері ерекше. Таяуда ғана Ресей астанасы Мәскеуде жарық көрген «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» («Созидатель. Нурсултан Назарбаев: взгляд из Росии») атты кітаптың тұсаукесерінде «Орыс баспасөзі» бүкіләлемдік қауымдастығының жетекшісі Виталий Игнатенко: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бүгінгі әлемдік саясаттың ең бір жарқын көшбасшысы. Оның Қазақстан тағдырына қосқан үлесін бақылаудың өзі өте қиын. Тіпті Қазақстанның ел ретінде, держава ретінде қалыптасуы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке жетістігі деп айтсақ, артық емес» деп атап көрсетті. Осының өзі-ақ Қазақстан Президентінің ел үшін сіңіріп жүрген еңбегінің зор екендігін айқын айғақтайды. Ал Елбасы болса ел сенімінен артық мәртебе, сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқтығын ұдайы айтып келеді. Еліміз аман болсын! Ел үшін күн демей, түн демей тер төгіп жүрген Елбасымыздың мерейі үстем болсын!

7652 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы