• Қоғам
  • 09 Шілде, 2015

«Астана жұлдызы – 2015»

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында  елорда күніне орайластырылған үшінші «Астана жұлдызы – 2015» кәсіби музыкалық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Байқауда 12 аталым бойынша үздіктер анықталды. Жеңімпаздарға алтын жұлдыз бейнесіндегі ескерт­кіштер сыйға тартылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Айқын Төлепберген мен Жанар Дұғалова «Астана жұлдызы – 2015» кәсіби музыкалық байқауының ең үздік ер орындаушысы және ең үздік әйел орындаушысы аталымдары бойынша лауреат атанды. Сонымен қатар Ж. Дұғалова «Iзiн көрем» әні үшін «Жыл әні» аталымы бойынша лауреат атанды. Арман Дүйсенов үздік композитор, Қалқаман Сарин үздік ән мәтіндерінің авторы,  Павел Ли үздік әрлеуші атанды. «Үздік дуэт» атағын Бүркіт пен Аиша алса, «Үздік жеке концерт» аталымы бойынша Мейрамбек Бесбаев жеңіске жетті. «Қазақстандық музыканың дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы Қайрат Байбосыновқа, ал «Музыкалық мәдениетке қосқан үлесі үшін» атағы марқұм Батырхан Шүкеновке берілді. Сыйлықты әншінің ұлы Мақсұт Шүкенов пен артистің директоры Олжас Байқанов алды.

А.Оспан

2679 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы