• Тіл
  • 29 Шілде, 2015

Туған тіліміздің абыройы қымбат

«Ана тілі» газетінің №27-28 (1285-1286) 10-22 шілде күнгі санында журналист Д.Төлебаевтың «Сөз қадірі сәлемнен басталады» атты мақаласын оқып тіл мәселесіндегі ортаға салынған өзекті жайларға қанық болдым. Осы мақалаға орай өз ойымды білдірсем деген ниетпен қолыма қалам алдым. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің төңірегінде айтылып жүрген ой да, ұсыныс-пікірлер де көп. Заң жүзінде де, іс жүзінде де біршама істер атқарылып жатыр дегенімізбен, қазақ тілін өз тұғырына қондыру жолында әлі де талай шаруалардың атқарылуы тиіс екені айтпасақ та түсінікті. Менің ойымша, мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеру баршамызға ортақ келелі іс. Бөліп-жаратын несі бар, Отаны бір, тілегі бір, жүрегі бір Қазақстан халқы мемлекеттік тілді үйреніп, күнделікті өмірде басымдық бере қолданып, аясын кеңейтуге күш салса деймін. Әйтпесе көпшілігі үйреншікті тілінде сөйлеп жүр. Орыс тілін ұмытқысы келмейді. Орыс тілінің қажеттілігін жоққа шығарудан аулақпын. Оның қолданыс аясы ғылымда да, қоғамдық салаларда да кең. Бірақ дегенмен өз елімізде, өз жерімізде мемлекеттік тіліміз қай салада болмасын үстем болып тұруы керек, яғни қолданыста бірінші орында болғаны жөн. Осыған қоғам болып атсалысуымыз керек. Екінші мәселе бұл жеткіншек ұрпақты қазақ тілінің аясында тәрбиелеу. Балабақшадан бастап мектепке дейін, мектептен жоғары оқу орнына дейін қазақ тілін сапалы оқыту жайына назар аударуымыз керек. Сапалы оқыту деген сөз тілді оқушы жетік біліп шығуы тиіс.

Нұрымбет Фазылұлы

Астана

2620 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы