• Әдебиет
  • 20 Тамыз, 2015

Екі бірдей кітабы жарық көрді

Үстіміздегі жаз мезгілі қостанай­лық тілшіміз, белгілі қаламгер Оразалы Жақсанов үшін үлкен қуанышқа толы болды.  Ол жылдағы дәстүр­ге айналған баспасөз қызмет­керлері күні қарсаңында Қостанай облысындағы таңдаулы әріптестерімізге берілетін мәртебелі Бейімбет Майлин атындағы сыйлық­тың лауреаты атанды. Сондай-ақ маусым айында Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Сонымен қатар журналист-жазушының «Тіршілік толқынында», «Көкпардың көкбөрісі» деп аталатын кітаптары жарық көрді. Оның алғашқысына жүректері елім, халқым деп соққан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, көпке танымал тұлғалар арқау болса, екіншісіне КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, атақты шабандоз Оразқожа Сейдахметовтің ұлтымыздың ұлттық ат спортына қосқан қомақты үлесі мен мағыналы өмірі жан-жақты қамтылды. Біз шығармашылық ізденіс үстіндегі Оразалы Отынбайұлын осы қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта да мықты денсаулық тілей отырып, жазар көбейсін дегіміз келеді!

Дәукен Жұматұлы

2878 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы