• Мәдениет
  • 22 Қазан, 2015

Головкиннің жеңісі жанкүйерлерін қуанышқа бөледі

АҚШ-тың Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон Скуэр Гарденде» қазақстандық былғары қолғап шебері, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьемен жұдырықтасып, техникалық нокаудпен жеңіске жетті. 

Сегіз раундқа созылған қос мықты­ның жекпе-жегі өте тартысты басталды, жерлесіміз алғашқы минуттардан-ақ белсенді шабуылға кірісті. Бұл шабуылдары нәтижелі болды. Әр раунд сайын қарқынын үдете түскен Г.Головкиннің соққылары қарсыласына дөп тиіп жатты. Көп ұзамай-ақ Д.Лемье бесінші раунд­та нокдаунға түсті. Жетінші раунд­та канадалықтың мұрны қанап, жекпе-жек уақытша тоқтатылды. Дегенмен, дәрі­гердің көмегінен кейін кездесу өз жал­ғасын тапты. Алайда Геннадий сегізінші раундта қарсыласын әбден есеңгіретіп жібергені соншалық, төреші ұрысты мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша Г.Головкин барша қазақстандықтың үкілі үмітін ақтап, кезекті рет жеңіс тұғырынан көрінді. 34 жасқа келер жылы толатын Г.Головкин үшін бұл – 34-жекпе-жек еді. Соның бәрінде мерейі үстем бол­ған жерлесіміз 31-ін нокаутпен аяқ­таған. Д.Лемье Халықаралық бокс фе­де­рациясының (ІBF) тұжырымы бойын­­ша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан қол үзді. Бұған дейін WBA (Super), ІBO және WBC тұжырымдары аясында да чемпион атанған боксшымыз төртінші белбеуді де беліне тақты. Г.Головкиннің сәтті жеңісінің алдында бокстан Катар астанасы Доха қаласында өткен әлем чемпионатында тағы екі жерлесіміздің мерейі үстем болды. Данияр Елеусінов пен Иван Дычко ақтық сында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сұлтанғали Қаратайұлы, ардагер спорт коментаторы: – Головкиннің ерекшелігі неде? Сол туралы бірер сөз айта кетсем деймін. Головкиннің бокшсы ретінде бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, оның сол қолымен жасайтын соққылары өте мықты. Қарсыласы оң қолынан сескеніп жүргенде ол сол қолымен де ауыр соққылар жасай біледі. Екіншіден, рингтегі қарсыласы қыспаққа алмақ болып ұмтылғанда мұндай кездерден жалт бұрылып, шебер шығып кете алады. Үшіншіден, қарсыласына нөпір соққылар жасап, есеңгіретіп тастайды. Мұны орысша «серийные удары» дейді. Гена өте сезімтал бокшсы. Рингтегі жағдайды толығымен бақылауында ұстай алады.

Нұрлан ҚҰМАР

2533 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы