• Тіл
  • 24 Желтоқсан, 2015

Ажар Астанада бақ сынайды

Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ре­тiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлтаралық қаты­нас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгутiлi» деген болатын.

Үштұғырлы тiл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған игiлiктi идея екенi белгiлi. «Тiлдердiң үштұғырлығы», дәлiрек айтқанда, үш тiлдi: қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн Қазақстан аза­маттарының бiрдей меңгеруiн меңзе­генiмен, бұның түпкi негiзi, көздеген мақсаты – мемлекеттiк қазақ тiлiнiң халықара­лық қолданыстағы орыс, ағыл­шын тiлдерiмен тең қолданылатын биiкке жеткiзу, қазақ тiлiн әлемдiк тiлдер қатарына қосу үшiн нақты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, оның ең әуелi мән берiп, ұлықтайтын тiлi, әрине, мемлекеттiк тiл. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мем­­ле­кет­тің жаңа саяси бағыты» атты Жол­дауын­да «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі – біздің рухани негі­зіміз. Біздің міндетіміз – оны бар­лық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн» деген болатын. Тіл білу байлық. Әсіресе, өрке­ниеттік өрелік алға шығып, жаһан­данудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игер­генге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз арнайы қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Талдықорған қаласында «Тіл шебері – 2015» атты облыс­тық байқа­уын ұйымдастырды. Тіл шебері облыстық байқауының негізгі мақсаты - тілдерді дамыту мен қолданудың мемелекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Елбасының «Қазақстан – 2030» Страте­гиялық бағдарламасы, «Мәңгілік Ел» идеясы, «100 нақты қадам» тап­сыр­малараның міндеттерін орындау мақсатында, қазіргі уақытта елімізге адал қызмет етіп жатқан мемелекеттік қызметкерлердің ішінде де, осы үш тілді жетік меңгерген жастардың бар екенін дәлелдеу. Байқауға 20 мен 25 жас аралығын­дағы мемлекеттік қызметкер қатысып, облыстың әр өңірінен барған үш тілді меңгерген мемлекеттік қызмет­кер­лердің ішінен бас жүлдені қала­мыздың білім бөлімінің бас маманы Ажар Қалиева жеңіп алды. Байқау жеңімпазына қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама берілді. Біз Ажарды құттықтай отырып, алда тұрған биік белестеріне тек сәттілік пен жеңіс тілейміз.

Бибігүл ШӘЙКЕНОВА, Қапшағай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

2083 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы