• Мәдениет
  • 27 Қаңтар, 2016

Болат ОМАРӘЛИЕВ:«Кішкентайымнан сурет салуға құмар болдым»

Белгілі фототілші Болат Омарәлиев 1948 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалы ауылы, Ызакөл деген жерде дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық «Сырдария» газетінде бастады. 1969 жылдан 2014 жылдың желтоқсанына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде фототілшілік қызмет атқарды. – Кішкентайымнан сурет салуға құмар болдым. Мені фотоға алып келген осы сурет салу. Фотомен он үш жасымнан айналыса бастадым. Алғашқы фотоэтюдім он бес жасымда облыстық «Ленин жолы» газетінде шықты, – дейді ол. Бөкең «Егемен Қазақстан», «Казакстанская правда», «Қазақ әдебиеті» ұйымдастырған фотоконкурстардың лауреаты болды. Өзіміздің елді айтпағанда Ресейде, Польшада, Украинада фото көрмелері өтті. Кезінде Ресейдің «Известия» газетінде, «Советское фото» журналында суреттері берілді. 1989 жылы фототілшілердің Мәскеуде өткен съезіне Қазақстан атынан қатысты. Жиырмаға жуық кітаптарға еңбектері жарияланды. Болат Шамаұлы бүгінде Қызылорда қаласында тұрады.

b1

Жамбылдың немересі Әлімқұл мен Шәкәрімнің баласы Ақат.

b2

Сырбай Мәуленов, Шерхан Мұртаза, Еркін Әуелбеков. 

b3

Асқар Тоқмағамбетов, Қалқабай Әбенов, Садықбек Адамбеков, Қомшабай Сүйініш. 

b4

Зейнолла Шүкіров қаламдас әріптестерімен. 

b5

Манап Көкенов.

b6

Асқар Сүлейменов. 

b7

Жәнібек Кәрменов пен Көкен Шәкеев.  b8

Надежда Лушникова.

7787 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы