• Әдебиет
  • 11 Ақпан, 2016

Жастарға қамқорлық жасалуда

Оңтүстік Қазақстан облысында 800 мыңға жуық азаматтар бар. Бүгінде жастарды жұмыспен қамту, олардың уақытын тиімді өткізу және мамандық таңдауда көмек көрсету мақсатында мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп,  жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Өткен жылы «Мәңгілік Ел ­жастары – Индустрияға» жобасы аясында Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары және кәсіптік колледждерде білім алуға 6495 жас өтініш білдірсе, жоғары оқу орындарына бөлінген 5000 гранттың 2580-і, арнаулы орта оқу орындарына бөлінген 1200 гранттың 359-ын Оңтүстік Қазақстан облысының жас­тары иеленді. Ал «Жасыл ел» бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы 4 мекемемен меморандумға қол қойылып, бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. 2015 жылғы жұмыс маусымында 1000 жас азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Студенттік құрылыс жасақтарына» құрылыс мамандығында білім алатын 500 студент қамтылып, 12 мердігер компанияларда жұмыс атқарды. Сонымен қатар, мамандардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу мақсатында, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 734 маманға 101,8 миллион теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы ұсынылды. Оның ішінде 198 – денсаулық сақтау, 504 – білім беру, 3 – әлеуметтік қамсыздандыру, 2 – мәдениет, 11 – спорт және 16 – ветеринария мамандары. Әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешені саласы мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жеңілдетілген бюджеттік несие түрінде 893,7 миллион теңге бағытталып, нәтижесінде, 303 маман баспаналы болды.

Райхан САПАРҒАЛИ Оңтүстік Қазақстан облысы

2277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы