• Мәдениет
  • 25 Ақпан, 2016

«Әсем сазды, сырлы үнді әндер-ай»

Биыл композитор, Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев мерейлі 70 жасқа толып отыр. Осыған орай жуырда облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдас­тыруымен және қаламыздағы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық кол­леджінің қолдауымен «Әсем сазды, сырлы үнді әндер-ай» тақы­ры­бында музыкалық шара өткізілді. Ән өнерінің көкжиегінде айрық­ша жұлдыз болып жарқырап жүрген Кеңес Дүйсекеевтің әндері тыңдар­мандарына кеңінен танымал. Өнер қай­раткері К.Дүйсекеевтің 70 жас мерейтойының қарсаңында компо­зитордың туындыларын насихаттап, оның өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныс­тыруды мақсат еттік. Кешке мәдениет қызметкерлері, өнер мамандары, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары, кітапхана жанынан құрылған «Өнерпаз» клубының мүшелері қатысты. Шара барысында «Туған жер әуендері» тақырыбында әдебиет көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. «Құрмет» орденінің иегері, «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы Ғ.Байдербес композитордың Ақтөбе жеріне жиі келетінін, жалпы патриоттық әндері арқылы жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеудегі рөлі зор екенін тілге тиек етті. Кеш барысында Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Ақжол Мейірбеков, Нұрлан Өнербаев сынды белгілі әншілеріміз орындап жүрген композитордың «Домбыра туралы баллада», «Қарағым-ай», «Сәлем саған туған жер», «Өкінбе сен» әндерін аталмыш колледждің СКД-3 тобының студенттері Е.Саинов, Е.Ғайниденов, Ә.Айжігітов, Т.Дүйсенбаев тарту етті. Шараны С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Жұмағұл қорытындылап, қатысушыларға алғыс айтты.

Ақерке САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Өнер әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі Ақтөбе

2953 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы