• Мәдениет
  • 10 Наурыз, 2016

Үздік шаңғышылар анықталды

Алматыдағы Халықаралық «Сұңқар» трамплинінде кезекті Әлем кубогының сайысы өтті. Сайысқа әлемнің 15 мемлекетінен 150-ге тарта шаңғымен секірушілер қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында словендік Петер Превц есімді спортшы үздік атанды. Күміс жүлдеге неміс Зеверин Фройнд ие болды. Ал үшінші орын, яғни қола жүлдеге норвегиялық Даниэл Андре-Танде лайық деп танылды. Әйелдер арасында жапон спортшысы Сара Таканаши жеңімпаз атанды. Екінші орынды австралиялық Даниэла Ирашко-Штольц, үшінші орынды словениялық Майя Втич иеленді.

Жеңімпаздар жарыстың қорытынды баспасөз мәслихатында ұйымдас-тырушылардың еңбегін өте жоғары бағалады. «Мен Қазақстанға бесінші рет келіп тұрмын. Турнирдің өткізілу деңгейі, «Сұңқар» кешеніндегі қолайлы жағдай – бәрі көңілімнен шықты» деді С.Таканаши. Ал П.Превц, «Сұңқар» кешенін әлемдегі ең үздік шаңғы трамплиндерінің қатарына қосатынын айтты. Шаңғы спорты халықаралық федерациясының өкілі Вальтер Хофер: «Ауа райының жиырма градусқа дейін көтерілгеніне қарамастан, Әлем кубогы өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылардың атқарған жұмысына разымыз. Жарыстың осы қалада өтуіне және жақсы өтуіне ықпал жасағаны үшін Алматы қаласының әкімдігіне көптен-көп рахмет!» деді. «Әлем кубогының қысқы кезеңі, биыл біз ұйымдастырып жатқан екінші тестілік шара болып табылады. Жақында ғана VI Республикалық Универсиада кезінде дирекцияның бірқатар қызмет бөлімдерін сынақтан өткіздік. Биылға 7 тестілік жарыс жоспарланып отыр» деді 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясының жетекшісі Әсет Әбдуалиев.

Уәсила ШАЙМАРДАНОВА Алматы

2570 рет

көрсетілді

7

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы