• Ақпарат
  • 10 Наурыз, 2016

Межелі күнге аз уақыт қалды

Елімізде Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқаны жүріп жатқан белгілі. Осы орайда партиялар өз сайлаушыларымен кездесулер өткізуде. Солардың бірқатарына тоқталсақ.

Жуырда «Нұр Отан» партиясы республи­калық сайлауалды штабы Алматы қаласындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аясында «Алматы көпір құрылғылары зауыты» ЖШС-нің еңбек ұжымымен, ғылыми-шығармашылық, зиялы қауым, қайырымдылық және әлеуметтік жобалармен айналысатын қоғамдық бірлес­тіктердің өкілдерімен кездесіп, «Нұр Отан» партиясы жақтастарының форумына қатысты. Кездесуге 500-ге жуық зиялы қауым өкілдері қатысты. Ал Көкшетау қаласында Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына «Ақжол» демократиялық партиясынан ұсынылған үміткер үміткер Меруерт Қазбекова ардагерлердің арнайы емханасында болып, медицина қызметкерлерімен және ем-шара қабылдаушылармен кездесті. Жиынды «Ақ жол» партиясының облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Серік Бейсембаев жүргізді. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриот­тық партиясының сайлау науқанындағы үгіт-насихат жұмыстары Қызылжар өңірінде жалғасып, топ мүшелері атбасын алдымен «Алтын-Арман» әмбебап базарына тіреді. Партия Төрғасының бірінші орынбасары, Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер Толымбек Ғабділәшімов сайлаушылармен кездесуде саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасының басым қағидаттарын түсіндіріп берді. Қазақстанның Коммунистік халық партиясы (ҚКХП) саяси ұйымы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығынан үміткер ретінде тізімге енгізілген белсенділер Орал қаласындағы «Орал құю-механикалық зауыты» ЖШС ұжымында болып, өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партия көшбасшысы жиналғандарға өздерінің сайлауалды бағдарламасын айтып беру­мен қатар, коммунистік идеологияның әрқа­шан да жұмысшы табының жанашыры екенін айтты. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Алматыдағы штабында партияның белсенділері сайлаушылармен кездесті. Алдымен сөз алған партия жетекшісі Жармахан Тұяқбай партияның сайлауалды бағдар-ламасына тоқталып, науқанды жұмыстың осы бағдарлама талаптары аясында қызу жүріп жатқанын атап өтті. Партия белсенділері еліміз үшін өндіріс әлеуетін ішкі даму мақсаттарына қарай бұру, инновациялық экономикаға жол ашу мәселелеріне байланысты өздерінің көзқа­растарын жеткізді. Төраға мен оның әріп­тестері Айдар Әлібаев, Тазабек Сәмбетбай сай­лаушылардың басқа да сауалдарына жауап берді. «Бірлік» партиясының мүшелері Қара­ғандыдағы «Құрылыс Мет» ЖШС-інде болды. Кәсіпорын тау-кен-шахта жабдықтарына қызмет көрсетумен және оларды жөндеумен айналысады, өңірдің барлық өндіруші кә­сіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Партия өкілдері өндіріспен танысып, 20 наурызда болатын Қазақстан Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына белсене қатысуға дайындалып жатқан еңбек ұжымының мүшелерімен кездесу өткізді.

Д.Жұматұлы

2626 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы