• Мәдениет
  • 25 Наурыз, 2016

Қайырымдылық ісіңнен көрінеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аясында «25 игі іс» атты шара Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы тілдерді оқыту орталығы жанынан құрылған «Насихат» клубы мүшелерінің бастауымен өтті. Аталған клубтың басты мақсаты тілдерді дамыту болғандықтан оны еңбекпен қалай ұштастырсақ болады деген ой туындады. Әрі еңбек, әрі оқу, әрі тіл дамыту болсын деген ниетке құрылған шара арқылы жастарды сауапты істерді атқаруға, жақ­сылық жасауға ұмтылуға шақырған едік.

Біздің ойымызша, өмірде адамдар бір-біріне қол ұшын созып, көмектесуі қажет. Мұны терең білген ата-бабаларымыз «Адам күні адаммен» деп бекерден-бекер айтпаса керек. Жақсылық жасау үшін көп нәрсе қажет емес. Өмірдің мәні өзіміздің айналамыздағы жандарға жақсылық істегенде ғана біліне бастайды. Сол себепті жастардың бойына қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеу маңызды. Осы орайда жуырда «Насихат» клубының мүшелері 1959 жылдан бері Қарабалық ауданында тұрып жатқан соғыс ардагерлері қатарына теңестірілген және еңбек ардагері Раиса Куликоваға қол ұшын берген болатын. Клуб мүшелері межелеген жерге жетісімен жұмыстарды бөліп алды. Ер балалар биылға үздіксіз жауған қалың қарды тазалауға кіріссе, қыз балалар үй шаруасына көмектесті. Раиса Андреевна дәрісінің таусылып қалғанын айтып, бірін дәріханаға жұмсаса, бірін азық-түлік дүкеніне барып келуін өтінді. 83 жастағы қарт әже өз өмірі жайлы сыр шертіп, бірнеше жыл кезіндегі «Комсомол құс зауытында» аспаз болып қызмет істегенін әңгімелеп берді. Айтуынша, балалары, екі ер баласы Ресейде тұрады екен. Қарт ана көзіне жас алып, қол ұшын созған балаларға алғысын жаудырды.

Ерлан ӘБІЛЕВ, «Тілдерді оқыту» орталығының оқытушысы Қостанай облысы Қарабалық ауданы

2488 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы