• Мәдениет
  • 30 Наурыз, 2016

Көркемсөз шеберлері

Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қордай ауданында «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға аудандар мен Тараз қаласында өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары атанған 16-22 жас аралығындағы 11 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Әшімжан Жәнібек, бірінші жүлделі орынды шулық Айкүн Бодаубек, екінші орынды Жамбыл ауданынан Орынбасар Бақытұлы, үшінші орынды Т.Рысқұлов ауданының үміткері Аружан Қожаберген иеленді. Сонымен қатар, әр жанр бойынша да үміткерлер номинациялармен марапатталды. «Проза оқу үздігі» номинациясында мойынқұмдық Әйгерім Мелдеш үздік атанса, драмалық шығармаларды орындаудағы шеберлігі үшін таластық Сейдалы Шапағаттың және «Мәнерлеп оқу шебері» номинациясы меркілік Ынтықбай Венераның орындауында болды. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан дип­ломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Р.НҰРАЛИН

3104 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы