• Тіл
  • 07 Сәуір, 2016

Қыз тәрбиесіне мән берсек...

«Ана тілі» газетінде («Ана тілі», №5 (1315) 4-10 ақпан, 2016 жыл) журналист Бағдагүл Балаубаеваның «Қызға қырық үйден тыйым» атты бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселені қозғаған мақаласы жарық көрді. Мақаладағы келтірілген дәйектер мен деректер мені ойға қалдырды. Осыған орай өз пікірімді білдіргенді жөн санадым.

Қазақ отбасындағы ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамгершілік, инабаттылық қасиеттерін сіңіру.Қыз тәрбиесінде ананың орны ерекше. Өйткені қыз бала қалай дегенмен анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыз-келіншектерінің бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу сияқты қасиеттері басымырақ болады. Осындай қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан жанұяның үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Сондықтан біз қыз тәрбиесіне баса мән беруіміз керек. Оларды еркелетіп өсірумен бірге, кейде ата-ана мінезінің қаталдығы да артықтық етпесе керек. Ал мақалада айтылған келеңсіз­діктердің орын алуы ата-ана жауап­кершілігінің төмендегенін көрсетеді. Тағы бір алаңдатарлық мәселе – қыздарымыз өзін толғандырған мәселеге жауапты анасынан емес, әлеуметтік желіден іздейтін болып шыққандығында. Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, ашық сырласып отырса мұндай келеңсіз жайларға жол берілмес еді. Жылы сөз айтып, теріс әрекеттерін көрсек жанашырлық ниетпен түсіндіріп, өмірден өз орнын табуына көмектесуіміз керек. Өзім ұстаздық ететін мектеп-интернатымызда мақалаға арқау болған келеңсіз оқиғалар кездескен жоқ, алдағы уақытта да болмағанын тілеймін. Білім алып, өнер үйренуге, өмірдегі жақсы қасиеттерді бойларына жинақтауға бағыт беремін.

Әзиза Мұхтарова, ҚР Оқу ісінің үздігі, Алматы облыстық №15 мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2354 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы