• Руханият
  • 13 Сәуір, 2016

Ақынның жыр кеші

Оралдағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында ақын, ұстаз, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпаз-жүлдегері, Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері Талап Таймасұлының «Қоңыр тірлік, қоңыр жыр, қоңыр әуен...» атты әдеби-музыкалық кеші өтті.

Кеште ақын өлеңдерін балабақша бүлдіршіндерінен бастап мектеп оқушылары, оқу орны студенттері оқып, сөздеріне жазылған әндер эстрада, домбыра, баянның сүйемелдеуімен орындалды. Ақын­ның өзі де қолына домбырасын алып, толғауын айтып берді. Кеште батысқазақстандық тарихшы-ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор Тұяқбай Рысбеков, ақындар – Қазақстанның еңбек сіңір­ген мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айсұлу Қадырбаева жылы лебіздерін білдірді.

Балым РЫСБЕРГЕН

2392 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы