• Мәдениет
  • 05 Мамыр, 2016

Балалардың ән байқауы

Қостанай қаласында биыл 14-ші рет өт­кен халықаралық «Алтын микрофон» балалар ән байқауы мәресіне жетті. Байқауға Қазақстанның, Литваның, Өзбекстанның, Ресейдің өрендері қатысты. 74 жас талант халықаралық ән байқауының бас жүлдесін сарапқа салды. Биыл қазылар алқасы балалардың әнімен қатар олардың сахна киіміне, орындаған шығармасына орай жасаған образына назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдеге Литвадан келген Каролина Линдо лайық деп танылды. Бірінші орын Орал қаласының тумасы Марат Думан мен Лисаков шаһарының өкілі Гаухар Рустемқызына және Белоруссиядан келген Валерия Азаренкоға бұйырды. Екінші орын қостанайлықтар Диас Тоқышев, Нұрай Күдербекова, Мадина Дакишева және Санкт-Петербург қаласының өнерпазы Екатерина Гильманға берілді. Ал үшінші орынды қостанайлық жас әншілер София Ким, Камилла Камаргина, алматылық Аружан Тоқтаған мен Раушан Қалбаева иеленді.

Берік ЖАНСҰЛТАН

2059 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы