• Әдебиет
  • 18 Мамыр, 2016

Жазушы шығармашылығы талқыланды

Жуырда Семей қаласындағы Халықтар достығы үйінде жазушы-ғалым Нұрдәулет Ақыштың шығармашылық кеші болып өтті. Келушілердің назарын аударған жағдайлардың бірі – кештің заманауи талаптарға сай өткізілуі. Мысалы, кеште дәстүрлі баяндаманың орнына қатысушылар жазушы шығармашылығына жеке-жеке шолу жасады.

Онда қаламгердің оқырмандар арасында жылы лебізге бөленген туындылары талданып, «Жатақхана қыздары», «Ұлы ғашықтар ұрпағы» тәрізді хикаяттарынан жатқа үзінділер оқылды. Н.Ақыштың кейбір туындыларының тараулары сахналанды. Көрермендер тарапынан түскен көптеген сұрақтарға жауап берген – қаламгердің өзі. Келушілер ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдіріп жатты. Өйткені бүгінгідей көркем туындылар аз оқылатын кезеңде бір жазушының шығармашылық зертханасына үңілу қарапайым жұртшылықты рухани тұрғыдан сергітіп, серпілту заңды да еді. Кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандар – осы Достық үйінің әкімшілігі, қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері және М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің ұжымы. Кешті жүргізген – педагогикалық колледждің директоры, филология ғылымының кандидаты Шағангүл Жанаева.

Т.Бейсенбеков СЕМЕЙ

2018 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы