• Руханият
  • 26 Мамыр, 2016

Оралхан оқулары

Павлодар қаласындағы Естай атын­дағы Мәдениет сарайында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шебер­лерінің қалалық байқауы өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізі­летін республикалық конкурстың қа­лалық сайысы биыл Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дық мерейтойына арналды. Қазақ әдебиетінде «Алтайдың ақиығы» атанған Оралхан Бөкейдің шығар­маларын насихаттауға арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қаланың орта арнаулы және жоғары оқу орындарының, колледждер мен лицейлердің студенттері мен оқыту­шылары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Әдебиеттің – прозалық, драмалық және поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу аталымдары бойынша өткен шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеруге бағытталды. Байқауды өткізудегі тағы бір маңызды мақсат – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын насихаттау, қазақтың әдебиетін, өнерін халық арасында кеңінен тарату, мемлекеттік тілдің дамуына жағдай жасау, шығармашыл жастарды ынталандыру және олардың шығармашылық тұрғыда дамуына ықпал ету, өскелең жас ұрпақты қазақ халқының тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, Отанын сүюге және ұлтжанды болуға тәрбиелеу. Қазылар алқасы жастардың өнерін бағалау кезінде олардың жыр мәтінін жатқа оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен орындаушылық қабілетіне назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музы­калық мектеп-интернатының 2-курс студенті Жанар Назикенова жеңіп алды. ІІ-ші орынды Қалижан Бекқожин атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Майгүл Тілеубердинова мен Ы.Алтынсарин атындағы. Дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Ақмарал ­Илимхан өзара бөлісті. Ал ІІІ орынды Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің 2-курс студенті Рысты Жұқабаева, Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 2 курс студенті Мәлике Кәтәй және Облыстық әскери мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Бисұлтан Мырзатай иеленді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне конкурс дипломы мен алғыс хаты, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айым НҰРАСЫЛ Павлодар

2483 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы