• Мәдениет
  • 26 Мамыр, 2016

Әр қазақтың үйінде тұруы керек

Айгүл ІСМАҚОВА, филология ғылымының докторы, профессор:

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың қолтаңбасы бар «Ана тілі» газетінің тәуелсіздік алғалы атқарып келе жатқан рөлі өте маңызды деп білемін. Газет ана тілі деген қастерлі ұғымды тірілтіп, сақтап келе жатқан бірден-бір басылым. Бүгінгі тіл мәселесі додаға түсіп жатқан уақытта елге жанашырлық танытып қана емес, ана тіліміздің абыройын арттырып келе жатқан газет. Атақты М.Әуезовтің 1913 жылы жарық көрген «Қазақ» газеті ұлттың мүддесін қорғаған басылым дегені есіме оралып отыр. Сол сияқты бүгінгі таңда ұлтымыздың мұң-мұқтажын жеткізіп, құнды­лықтарын дәріптеп келе жатқан елдік басылым қандай дегенде, «Ана тілі» деп айтар едім. Газеттің тұрақты оқырманы ретінде айтарым, жарық көрген әр материалдың қайсысын алсақ та, танымдық, тәрбиелік жағынан алар орны ерекше. Әсіресе, «Сөзтаным» айдарының байырғы сөздеріміздің тарихына үңіліп, бүгінгі жастарға таныстыруда үлкен рөлі бар. Сонымен бірге «Толғауы тоқсан туған тіл», «Тілбұзарға тосқауыл», «Тіл кеспек жоқ», «Тілі мықтының – елі мықты» айдарларымен берілетін материалдар тіл тұғырын биіктетіп, жаһан­дану дәуірінде ұлттық ерешелігімізді сақтап қалу жолында айтылған тұшымды ойларымен ұнайды. «Ана тілі» аты айтып тұрғандай, ұлт газеті. Біз оны әрдайым қолдап отыруымыз үлкен міндет. Сон­дықтан «Ана тілі» әр қазақтың үйінде тұруы керек.

15789 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы