• Мәдениет
  • 02 Маусым, 2016

Моншақпен өрілген өрнек

Ембі қаласындағы ағайынды Жұбанов­тар­дың мемориалдық музейінде Тәуелсіз­діктің 25 жылдық мерекесіне арналып Қан­дыағаш қаласының қолөнер шебері Жанат Тажикенованың туындыларынан «Моншақпен өрілген өрнек» атты көрме өтті.

Көрменің ашылуында Ж.Саудақы­зының өмірі мен еңбектері таныстырылып, қолөнер иесі шеберлік сағатын өткізді. Көрмеге қала мектептерінің оқушылары мен ұстаздары, қала тұрғындары қатысып, көздің жауын алған моншақтан жасалған бұйым­дарды тамашалады. Көз тартар мол дүние көрермендердің таңданысын, қызығу­шылығын арттырса, Жанат Сауда­қызы мон­шақпен жұмыс жасаудың қыр-сырымен бөлісіп әңгіме өрбітті. Шара соңында музей ұжымы Жанат Тажикенованың өнерінің өрнектелуіне шын жүректен тілек білдіріп, алғыс хат табыстады.

Анархан Самиғұллақызы, Музей қор сақтаушысы Ақтөбе облысы

2002 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы