• Ақпарат
  • 23 Маусым, 2016

Журналист: қалам мен қайрат қанатында

Сурет сыры: жазудан сәл босаған сәт

Кейде суреттер де сөйлейді немесе сөй­летеді. Соның бірі мынау сурет. Өткен күндерді қаз-қалпында көз алдыма әкеледі. Жетпісінші жылдар... Ол бір өмірге асқақ арманмен құлаш ұрып, алғаусыз қалам сілтеген, адалдықты ар тұтқан албырт шақ еді. Жастықтың жарқын күндері мен түндерін жалғай да, жастана жүріп жазылған жарияланымдардың сыры да шынайы, жыры да шырайлы еді. Бірінен бірі үлгі алып, бірінен бірі оза шауып, ойлы мақалалар жазу жарасымы дәстүрмен дүрілдеп тұрды ғой. Бұл жас журналистерді баули білудің, шеберлігін ұштаудың, қаламына қанат, талабына ерік берудің үлгісі «Лениншіл жастың» («Жас Алаштың») өзіне ғана тән өнегелі үрдісі еді. Суретте сол кезеңнің бір мезеті көрініс береді. Кезекті мерекелік нөмірді шығарып, желпініп отырған сәт. Солдан оңға қарай: қаламы қарымды Кәдірбек Сегізбаев, домбырасы қолынан түспейтін Орысбай Әбділдаев, қалжыңы дайын Қуанышбай Құрманғалиев, ақылшы-ақсақал Бағдат Жандосай, жауапты хатшы Серік Әбдірайымов, талмай жазатын Әлімжан Әлімбеков, жазуы жүйрік Жақау Дәуренбеков. 1977 жылы түсірілген осы сурет Орысбай Әбділдаевтың жеке мұра­ғатынан алынды.

Ж. МАЛАЙСАРИН

2022 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы