• Әдебиет
  • 23 Маусым, 2016

«Биеден енді тумас ондай құлын»

Көкшетау еліне келін алуға келген ақмолалық құда-күйеулер «Әнші жоқ Қараөткелде менен асқан» деп шырқайтын Ғазиз әншіні ала келген екен. Сол үлкен тойға Көкшетау елі Ақанды алғызыпты. Тойда Ғазиз «Құлагерді» күңіренте шырқайды. Әншінің дауысы әуеге өрлеп, көлді шайқап, тоғайды тербеткендей екен. Әсіресе әннің: Ай, Бөрібай! Ай, Бөрібай! Беу, Құлагерім-ай! Қайран серім-ай, – деген қайырмасы Ақанды толқытып, елжіретіп жібереді. Сонда Ақан сері: Басасыз шаттандырып «Құлагерді», Ашасыз айтқан сайын ішкі шерді. Атақты Қараөткелдің өнерпазы – Разымын көргеніме Ғазиз ерді. Жігіттің дүри-гауһар түрі екенсіз, Дүние жаннатының гүлі екенсіз. Елдегі өнерпаздар екеу болса, Дәл соның қатардағы бірі екенсіз. Қайтейін «Құлагерім» қолдан кетті, Дұшпанның қастығымен қаза жетті. Асына Сағынайдың апарғанда, Жүсібі Батыраштың қағып өтті, – деп жырлап қоя беріпті. Ғазиз ақын: – Құлагерден де жүйрік бір ат тауып берсем, қайғыңыз сейілер ме еді? – деп тіл қатады. Серінің сондағы айтқаны: Биеден енді тумас ондай құлын, Табылмас жинасаң да дүние-пұлың. Шерімді іште жатқан қозғаған соң, Әншейін айтқаным ғой көңіл мұңын.

(«Ел аузынан», «Жазушы», Алматы, 1989ж.)

15750 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы