• Тіл
  • 14 Шілде, 2016

«Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!»

В очередном выпуске нашей рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» мы хотим предложить красноречие из книги «Шешендік сөздер». Это необходимо для того, чтобы обогатить словарный запас и ознакомиться с литературным языком. Ведь чтение важно для свободного овладения разговорной речью. 

Білгендерден ғибрат ал (Бери пример у знающих людей)

Абыз жүз жасқа келіп отырған шағында, Әсер би көрісе кеп былай деген екен: – Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы, – депті. Сонда Абыз былай дейді:

Ата-ананың қадірін – Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін – Жалалы болғанда білерсің. Балалықтың қадірін – Саналы болғанда білерсің. Асыл менен жасықты – Бағалы болғанда білерсің. Бостандықтың қадірін – Жабылғанда білерсің. Қалтаңдағы ақшаңды – Қағылғанда білерсің. Денсаулықтың қадірін – Ауырғанда білерсің. Ақ бекетіңнің қадірін – Қан кеткенде білерсің. Ақ білектің қадірін – Әл кеткенде білерсің.

Жиырма бестің қадірін – Жас өткенде білерсің. Қара көздің қадірін – Нұр кеткенде білерсің. Татулықтың қадірін – Дос кеткенде білерсің. Жақсы әйелдің қадірін – Көмгеніңде білерсің. Аяқ-қолдың қадірін – Ақсағанда білерсің. Отыз тістің қадірін – Қақсағанда білерсің. Қызыл тілдің қадірін – Тоқтағанда білерсің. Білгеніңді сөйлеп қал, Білгендерден ғибрат ал!

(құрастырған: Б.Адамбаев. «Шешендік сөздер», Алматы, 1990 ж.)

Қысқаша сөздік – Краткий словарь:

Қадір – почет, уважение. Балалы – имеющий детей. Ағайын – родственник. Саналы – сознательный. Бостандық – свобода. Әл – сила, мощь. Қан – кровь. Нұр – сияние. Татулық – дружба. Жақсы әйел – хорошая жена. Ақсау – хромать. Қақсау – щемить.

1

2

Примеры:

Шешен қысқа сөйледі – Оратор говорил кратко. Тілінен бал тамған шешен – сладкоречивый оратор (приятный по голосу). Абай поэзиясы – нағыз халықтық поэзия – Поэзия Абая глубоко народная. Өлең шығару – Импровизировать стихи. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған айтыс өтті – Прошел айтыс посвященный 25-летию Независимости Республики ­Ка­захстан.

Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып: Үш арсыз (бесстыдный), үш ғайып (что-то неведомое, скрытое), үш жетім (сирота) болады, соны кім табады? – депті. Жиналған халық көп дағдарып: Үш арсыз: ұйқы (сон) арсыз, күлкі (смех) арсыз, тамақ (еда) арсыз. Үш ғайып: қонақ (гость) ғайып, несібе (благо) ғайып, ажал (смерть) ғайып, – деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан: ­– Елде келмеген кім қалды? – деп сұрапты. – Келмеген Қарабас шешен қалды, – депті халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты. Сонда Қарабас: Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім. Елінен ауған ер жетім, Тыңдаусыз сөз жетім. Жоқтаусыз қыз жетім, – дейді.

Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте: anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75. Рубрику ведут: Дәуіржан Төлебаев, Динара Масакова

18361 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы