• Тіл
  • 10 Тамыз, 2016

Үшем дүниеге келген отбасы қамқорлыққа зәру

Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының ұжымы мүшелері аудан өмірінде тұңғыш рет дүниеге келген үшемнің Назаровтар отбасында болды. Мақсат – жас шаңырақтың жағдайымен танысу. Шілденің алғашқы күні Ақтау қаласындағы перзентханада дүниеге келген Ержан, Нұржан, Айжан есімді үшемнің әкесі Хамит Назаров 1985 жылы Өзбекстан Республикасы, Хожелі облысында туған. Маңғыстауға 2011 жылы көшіп келіп, Шетпе ауылына тұрақтаған. Үшемнің анасы Дина Сұңқарлаева да 1989 жылы сол Өзбекстанда өмірге келіпті. Қазіргі таңда Шетпедегі Жаңаорпа ауылында үш отбасы тұратын үшем отбасында үш ер бала бар. Үшеммен бірге барлығы алты бала шаңырақтың берекесін келтіріп отыр. Жүздесу барысында Орталық басшысы А.Қонарбаев жастар атынан сый-сияпат көрсетіп, жас шаңыраққа бақ-береке, жақсылық тіледі. «Келешекте, Құдай қаласа бала­ларымның қатары бұдан да көбейеріне күмәнім жоқ. Сондықтан аудан басшылары менің жағдайымды ескере отырып тұрғын үймен көмектессе жақсы болар еді» дейді әкей Хамит Назаров. Жас шаңырақтың бұл өтініші ескерілер деген ойдамыз.

Әлия НҰРБЕРГЕНҚЫЗЫ, Жастар орталығының маманы Маңғыстау облысы

1683 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы