• Әдебиет
  • 27 Қазан, 2016

Елбасы Манифесі – бейбіт әлемге жол ашады

Жақында Астанада «Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері» деген тақырып аясында саясаттанушылардың халықаралық конгресі өтті.

Алқалы жиынға Президент Әкімші­лігінің өкілдері, Парламент депутаттары, шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылар, еліміздің белгілі саясаттанушылары, ғылыми-талдамалық орталықтардың мамандары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев құт­тық­тау сөз сөйледі. Басқосуда Ха­лықаралық Түркі академиясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Әділ Ахметов «Ядро­лық ғасырдан – азат болашаққа» де­ген тақырып бойынша өз ойын ортаға салды. Парламент депутаты А.Бижанов бүгінде әлемде жиі көрініс бере бастаған жанжалдар мен кейбір елдерде болып жатқан кикілжіңдерге алаңдаушылық білдірді. Сол себептен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін бағдарламалық құжат ретінде ұсынғанын тілге тиек етті. – Манифеске БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесі ресми мәртебе берді. Елбасының манифесінде кез келген сәтте қауіп-қатер туғызатын ядролық қарудан бас тарту, сынақтарды мүлде болдырмау, тағы басқа да өзекті мәселелер қамтылған. Өйткені Елбасы атап өткендей, ядролық соғыста жеңген де, жеңілген де болмайды. Манифесте жаппай қырып жоятын қарудың барлық түрін жоюға шақыру ерекше орын алады, – деді А.Бижанов. Жиында сөз алған Ресей стра­те­гия­лық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Максим Лихачев «Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік бастамалары және қазіргі заманның сын-қатерлері» тақырыбы бойынша ой-тұжыры­мын ортаға салды. Бұл манифест БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесі сияқты негізгі органдарда жоғары ресми мәртебеге ие болды. Бағдарламалық құжат ретінде манифест бүкіләлемдік қауымдастықтың, сондай-ақ әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алғанын, бұдан кейін ол жаңа техно­­логиялардың даму дәуірінде, өрке­ниеттің ғылыми жаңалықтарды кеңінен пайдалануында әскери қуатты арттыруға да даңғыл жол ашқанын тілге тиек етті.

А.ЖҰМАШ

1278 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы