• Тарих
  • 27 Қазан, 2016

Бағдарламаның орындалуы назарға алынды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар ­Құл-Мұхаммед Оңтүстік Қазақстан облысында болып, мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқандығына бақылау жасады.

Ол ең алдымен «Асар» шағын ауданында салынып жатқан қолжетімді бес қабатты 243 пәтердің құрылысымен танысып, «Достық» шағын ауданында салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылысында болды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары облыс активімен кездесу барысында Мемлекет басшысы белгілеген, елімізді дамытудың басым бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді. Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттің партия алдына қойған басты міндеттерінің бірі – негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың сапасына қатаң бақылауды қамтамасыз ету екендігін ескертті. Жиында Оңтүстік Қазақстан облыс­тық партия филиалының төрағасы бо­лып облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сайланды.

1169 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы