• Әдебиет
  • 10 Қараша, 2016

«Құс жолындағы жыр»

Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ақын, жазушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әділбек Ыбырайымұлының «Құс жолындағы жыр» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеште Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым ­Жайлыбай ақынды құттықтап, одақтың атынан Абай Құнанбаевтың мүсінін сыйға тартты. Сахнада сөз алған кеш иесі Тәуелсіздікке және Астанаға арнаған жырларымен таныстырды. «Бүгінгі кешке ұстаздарым, жыр сүйер жас­тар жиналды. Осының барлығы тәуелсіздіктің арқасы деп ойлаймын. Біз тәуелсіздік алған бақытты елміз. Сондықтан жыр кешімді «Тәуелсіздік» деген өлеңмен ашқым келіп отыр» деген ақын өз өлеңін оқып берді. Кеште Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының артистері мен Астана жастар театры­­ның әншілері өнер көрсетті. Ақынның жырлары оқылып, танымал қаламгерлер жылы лебіздерін білдірді. Айта кетейік, Әділбек Ыбы­райым­ұлы ­­­қалың оқырманға «Зау-қайыр» роман-триллері, «Мизамкөк», «Адам-хайуан» романы және «Пір мен пырақ», «Мерейлі мекен», «Ақ тамақ қар­лығаштар», «Сүмбіле шуағы» сынды өлең жинақтарымен танымал.

Әбілмансұр ЖАСАН

1146 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы