• Әдебиет
  • 10 Қараша, 2016

«Домбыра-думан» қуаныш сыйлады

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Домбыра-думан» атты кеш болып өтті. Іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбие­леу, домбыра аспабын кәсіби деңгейде меңгерулеріне мүмкіндік жасау, өнерпаздарға кең жол ашып, қолдау көрсету болып табылды. «Домбыра-думан» шарасында домбырашы жастар ән салып, күй шертіп, жиналған көпшілікке өнер көрсететті. «Домбыра думан» атауын алған бастаманың басты мақсаты - домбыраны, қазақ өнерін насихаттау. Бұл іс-шарада музыка мектебінен Мақсұт Шыр­шықбай, Әбдірашит Әміре, Атбұлақ ауылынан Ислам Мақсат, Мәдениет сарайының әншілері Нұрхан Байтұрсынов, Сакен Шаумаровтар өз өнерлерін ортаға салды. Олар халық әні «Ой қарағай», Абайдың «Татьянаның хаты», Кенен Әзірбаевтың «Бастау» әндерін және Құрманғазының «Ақсақ құлан», Динаның «Наурыз», Қазанғаптың «18 жасар Балжан қыз», Т.Момбековтың «Ерке сылқым», «Салтанат» және т.б. күйлерін орындады.

1085 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы