• Әдебиет
  • 17 Қараша, 2016

Туыс ел мерекесіне арналды

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Шығыстану факультетінде Түркия республикасы күніне орай салтанатты кеш өтті.

Мерекелік шара екі елдің әнұра­нымен басталды. Ортаға алғаш боп Шығыстану факультетінің деканы, филология ғылымының докторы, профессор Баян Жұбатова мен Қазақстандағы Түркияның консулы Рза Қаған Йылмаз шығып, жиналған қауымды, ел мерекесімен құттықтады. Кеш барысында кезінде түрік елін мемлекет етіп құруға, түрік халқының азаттығын алуға барынша атсалысқан Ататүріктің ерлік істері, оның халқына жасаған жақсы­лықтары туралы деректі фильм көрсетілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері әннен шашу шашып, мерекелік кеш мың бұралған биге ұласты. Атап айтар болсақ, 2 курс студенті Сұлтан Смақов Түркия Республикасының тәуелсіз маршын орындады. Аюпова ­Дильяра, Төлегенова Дильназ ­Мағжан Жұмабаевтың «Алыстағы жақыныма», «Түркістан» өлеңдерін жатқа айтса, Әли Гүлбану «Атамекен» әнімен барша көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында ТҮРКСОЙ кафедра­сының меңгерушісі, профессор ­Ерден Қажыбек сөз сөйлеп, кешке қатысушыларға алғысын білдірді.

Абылайхан ЖҰМАШЕВ

832 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы