• Әдебиет
  • 24 Қараша, 2016

Халықтар достығын насихаттаушы

Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығында белгілі жазушы-саяхатшы, пуб­лицист, Орта Азия зерттеушісі, «Қазақстан ұлттық география қоғамының» мүшесі Исмаилжан Иминовтың «В Туве, где предков древний род...» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталмыш кітап автордың өткен жылы Туваға, Пор-Бажын атты ұйғыр қалашығына жа­саған ғылыми-танымдық экспедициясының қорытындысы ретінде жарық көрген. Айта кетейік, экспедиция «Инаят» қоғамдық ұйым­дар қауымдастығының бастамасымен ұйым­дастырылған. Тұсаукесер рәсімін құттықтау сөзімен ашқан Әшімжан Құрбанов автор туындысының ел тарихын танудағы маңыздылығын атап өтті. Әрі қарай сөз кезегі Исмаилжан Иминовқа берілді. Ол төл еңбегінің қалай дүниеге келгеніне жан-жақты тоқталды. «Тува жеріне саяхаттау көптен бергі арманым еді. Мені осынау экспедицияға шақырып, қамқорлық танытқан Тұрған Иминұлына алғысым шексіз. Ол кісімен зерттеулерді бірге бастаған едік. Өкінішке орай, жақында бақилық болды. Сондықтан бұл еңбегімді сол азаматтың рухына арнаймын» деді автор. «Инаят» қоғамдық ұйымдар қауымдасты­ғының басшысы Әкімжан Ануров сөз алып, И.Иминовтың қай еңбегі болмасын халықтар достығын насихаттайтынын баса айтты. «Қазақстан ұлттық география қоғамының» директоры Жанна Рүстем қаламгер экспедицяларының мән-маңызын тілге тиек етті. Шара барысында «Арал» қоғамдық қорының директоры Б.Бекниязов, философ Қайрат Жаңабаев және т.б. әріптестері өз ой-пікірлерін білдірді.

Ақбота ИСЛӘМБЕК

1003 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы