• Әдебиет
  • 24 Қараша, 2016

СӨЗ – ДАРИЯ. СӨЗ – ҒҰМЫР. СӨЗ – ҚҰДІРЕТ

Еліміздің рухани тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-саяси тарихында өшпес із қалдырған заманымыздың заңғар жазушысы, әрі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының (1939-2015) артына қалдырған мол мұрасы келешекте тек қана халқының ғана емес, күллі адамзат қауымының асыл қазынасына айналып, жаһандық өркениет қорына олжа сапары сөзсіз. «Арыс» баспасынан «Сөз-дария. Сөз-құдірет. Сөз-құдірет» деген кітап жарық көрді. Бұл кітапта тарлан тұлға, дарабоз дарын, қайталанбас қасиетке ие қаламгердің жасам­паз­дығының бір қыры – сан салалы шығармашылығы сөз болады. Жинақты «Арыс» қорының «Әбіш Кекілбайұлы. Энциклопедия» бөлімінің жұмысшы тобы дайындаған (жауапты шығарушы филология ғылымының докторы Ғарифолла Әнес). «Қазақ әдебиеті әлемінде Әбіш Кекілбайұлы үлкен биікке қөтеріл­ді. Әдебиетте өзгелер байқамаған, өзгелер айта алмаған сөзді айтты. Басқа ұлыс, ұлттардың намысын қорламай-ақ қазақ рухын асқақтатты. Бояуы көп көркемдікті былай қойғанда, бұл жазушының азаматтық берік тұғырының айғағы» дейді кітаптағы пікірінде белгілі жазушы Шерхан Мұртаза. Жинақ жеті бөлімнен тұрады. Олар «Поэзия», «Проза», «Драматургия», «Аудармалар», «Публицис­тика», «Тарихи-танымдық туындылар», «Сапарнамалар». Кітаптың безендірілуі де көз тартады.

С. БАЗАРБАЙ

16634 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы