• Тарих
  • 01 Желтоқсан, 2016

Ортағасырлық алтын табылды

Маңғыстау облысының тұрғыны XII-XIII ғасырға жататын алтын теңгелер көмбесін тапты. Ғалым Павел Петровтың айтуынша, бұл қазына Ануштегинид Ала ад-Дин Текеш пен Мұхаммед ибн Текеш хорезмшахтар әулетіне тиесілі болуы мүмкін. Археолог Андрей Астафьев бұл ақшаның соғылған орны Маңғышлақ қаласы болуы мүмкін екенін айтты. Маңғыстаудың ежелгі қоныстарын зерттеу Азия елдері мен Шығыс Еуропа арасын жалғаған Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағын зерттеудің басты құраушы ғылыми тақырыбы болып табылады. Алайда, Андрей Астафьевтің айтуынша, бұл тақырыпқа тарихшылар мен археологтар аса мән бере қоймаған. Павел Петровтың сараптамалық қорытындысы бойынша, әлемнің еш музейінде мұндай бір орыннан табылған монеталар кешені жоқ. Аталған кешенді ғалым Қазақстанның ұлттық байлығы деп атады. Текеш ханның билігі тұсында ­Хорезм Орталық Азияның қуатты мем­ле­кет­­терінің бірі болды.

Р.НҰРАЛИН

1231 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №12

28 Наурыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы