• Әдебиет
  • 01 Желтоқсан, 2016

«Елім барда...»

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академия­лық драма театрында ақын, аудармашы Алмат Исәділдің «Аспантау», «Бір тамшы» жыр жинақ­та­рының тұсаукесеріне орай «Елім барда...» атты шығармашылық кеші өтті.

Сахна төріне ақынның әдебиет­тегі ағалары Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай, танымал журналист Нұртілеу Иманғали шығып аталған кітаптардың тұсауын кесті. Олжас Сүлейменовтің бірнеше өлеңін қазақшаға аударған Алмат Исәділ, сондай-ақ А.Пушкин, С.Есенин, М.Лермонтов, И.Северянин сияқты орыс ақындарының, бірқатар түрік шайырларының туындыларын қазақ тілінде сөйлетіп қана қоймай, қазақ поэзиясының кейінгі өкілдерінің шығармаларын орыс тіліне аударумен де айналысып жүр. Кеш барысында Алматы облысы ­Райымбек ауданы әкімдігінің өкілдері ақынға «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» деген атақ берілгенін жеткізіп, сый-сияпаттарын табыс етті. Шығармашылық кешке қазақ эстра­дасының өкілдері Қадырғали Кө­бентай, Роза Әлқожа, Ұлжан Айна­құлова, Ершат Қайырхан, Қанат Әмірханов, «Cерілер» тобы, «Жетісу» тобы және т.б қатысып, ақынның сөзіне жазыл­ған әндерді орындады. Айта кетейік, ақынның бұған дейін де «Жолдар, жолдар…», «Көңіл алаң», «Көкжиекке сіңген жол» атты жыр жи­нақтары мен «Мен – қазақтың баласы» атты балаларға арналған өлеңдер топтамасы жарық көрген болатын.

Әбілмансұр ЖАСАН

1365 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы