• Ақпарат
  • 27 Қараша, 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері болашақ энергиясын тапты

«Тұрақты даму» MDP бағдарламасы бойынша магистратурада оқитын  студенттер «Жастар Innovation» атты жас ғалымдар мен өнертапқыштар арасындағы байқауда «Болашақ энергиясы» аталымымен жеңіске жетіп, 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықты иеленді. Аталмыш бағдарлама әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Колумбиялық университетпен (АҚШ)   біріге жүзеге асқан жоба екенін айта кеткен жөн.

Жастарға арналған байқауды ұйымдастыруға Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы мұрындық болды. Байқауға 60-тан астам жобалар ұсынылған болатын.

Үздік деп танылған жоба жарықтандырудың инновациялық жолын ұсынуымен ерекшеленді. Студенттер кейбір өсімдіктердің түсін генетикалық тұрғыда өзгерту жолдарын ұсынды. Яғни, бұл өсімдіктердің түнде жарық беруіне бар мүмкіндіктерді қарастырды.  Тропикалық аумақта күндіз күннен энергия жинап, түнде жанатын өсімдіктер мен жәндіктер бар.   Осы орайда бұл өсімдіктер біздің климаттық жағдайда энергия жинап, түнде жарық беретіндей жолдарын зерделеп, жобаларын іске асырды.  Бұл идея өзінің ұтқырлығымен көзге түсіп, жеңіске жетті.

         Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш жоба MDP оқу бағдарламасының семинарлық және практикалық сағаттары аясында жүзеге асты.

         «Тұрақты даму» бойынша MDP/GlobalClassroom// Магистратурасы – бұл Колумбия университеті Жер институтының MDP бағдарламасымен бірлесе жүзеге асқан бағдарлама. Бағдарлама БҰҰ қызметі, экологиялық проблемалар, қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістер және энергетика сынды жаһандық көкейкесті мәселелерді шешу жолында жаңа көзқарастар мен ұсыныстарды қалыптастыратын тың жоба.  Бағдарлама әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және жерді пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесе жүзеге асады. image-25-11-16-11-31-1

          Оқу бағдарламасы бірнеше маңызды модульдерден тұрады. Әуелі, магистранттарды жаһандық жылу, қоршаған ортаны қорғау, урбанизация, инфрақұрылым, индустриалдық және ауылшаруашылық даму, табиғи апаттар сынды мәселелердің бүгінгі таңдағы проблемаларын ұғынып, түсінуден басталады. Бұдан кейін ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалану, стратегиялық ойлау және тайм-менеджмент деген модульдарды қамтиды.

image-25-11-16-11-31-2

         MDP бағдарламасы магистранттарға АҚШ және Еуропа елдерінде академиялық алмасу бағдарламасы бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бағдарлама  аясында магистранттар халықаралық жобалар мен байқауларға қатыса алады.

         Жыл сайын ҚазҰУ-да 150-ден астам шетелдік профессорлар мен ғалымдар дәріс оқып,  ғылыми тәжірибелерімен алмасады.

Ақбота ИСЛӘМБЕК

2806 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы