• Ақпарат
  • 20 Қараша, 2016

Шетелдік сарапшылар Қазақстанның үздік ғалымдарын марапаттады

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Алматыда «Ғылым мен инновациялар – экономикалық дамудың негізі» халықаралық форумы өтті. Шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» және Thomson Reuters халықаралық компаниясымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Оған ғылым, білім салаларының көрнекті қайраткерлері, жас ғалымдар, ғылыми ұйымдардың және Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Форумның салтанатты ашылуында ҚР БҒМ вице-министрі Асланбек: «Соңғы бірнеше жылда еліміздің ғылым саласында қол жеткізген елеулі жетістіктері – ғылыми-зерттеу ұйымдары, университеттер және қазақстандық ғалымдардың әлемнің ғылыми ортасына сәтті интеграцияланғанын дәлелдейді. Ғылымды модернизациялауда, әлемдік деңгейдегі мамандарды дайындауда, жаңа технологияларды қолдану мен халықаралық әріптестермен білім мен тәжірибе алмасуда айқын ілгерілеушілік байқалады. Біз Қазақстанның ғылыми ортасында елеулі жетістіктер болатынына сенімдіміз»,  – деп атап өтті ҚР білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амрин. Өз кезегінде «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Президенті Ә.Ибраев қазақстандық ғалымдардың ғылыми мақала жариялаудағы белсенділіктерінің жыл санап артып келе жатқандығын айрықша атап өтті.04A

Сонымен қатар, Thomson Reuters компаниясының Ғылыми-зерттеулер және зияткерлік меншік бөлімі, ғаламдық сату бойынша директор, халықаралық сарапшы, Виджи Кришнан халықаралық дәрежедегі Қазақстанның ғылымы туралы сарапшылық талдауын таныстырды.

01A Шараның маңызды сәті  – ғалымдарымызға Тәуелсіз  «Ғылым көшбасшысы»  марапатының тапсырылуы болды. Web of  Science ақпараттың ресурсының Thomson Reuters компаниясы ғалымдарымызды 3 номинация бойынша марапаттады.

Бірінші номинация – «2011-2015 жылдар аралығындағы ең жоғары сілтемеге ие болған Қазақстанның ғылыми ұйымдары».  Мұндай марапатқа ие болған ұйымдар қатарында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, назарбаев университет, В.Г. Фесенкова атындағы  Астрофизикалық институт пен ҚР Ұлттық биотехнология орталығы бар.

«Физика ғылымдары саласы бойынша импакт-факторы жоғары журналдардағы Қазақстан мақалары» номинациясына А.Б.Бектұров атындағы химиялық ғылымдар институты, Қызылорда мемлекеттік университеті мен А.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары бар.  Сонымен қатар осы номинация аясында техникалық ғылымдар, аграрлық және биотехнологиялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар мен медицина саласы бойынша үздік ғалымдар марапатталды.02A

Үшінші номинация «2008-2015 жылдар аралығындағы Қазақстанның сілтемеге ие ең жас ғалымдары» деп аталды. Мараптқа ие болған жас ғалымдар қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары: Мерлан Досболаев, Болат Уралбеков, С.Демирел атындағы  Университеттен Мария Немченко бар.

Thomson Reuters компаниясының Ресей және ТМД бойынша ғылыми-зерттеулер және зияткерлік меншік бөлімінің жетекшісі,  Олег Уткин 5 жылда Қазақстан ғылыми-білім беру ұйымдарының және ғалымдарының белсенділігіне ерекше тоқталып өтті.

Өз кезегінде «ҰҒТАО» АҚ ұжымы ғалымдарды марапаттарымен құттықтап, ғалымдарымыздың өз әлеуетін көрсетуде әлі де еңбектеніп, «Ғылым көшбасшысы» марапатын иеленушілердің санының жылдан-жылға артуына тілектестігін білдіреді.

 Бимендиева Арайлым

  «ҰҒТАО» АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы     

1033 рет

көрсетілді

31

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №15

18 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы