• Әдебиет
  • 08 Желтоқсан, 2016

Суретшінің суреткерлік әлемі

Тарихи кейіпкерлер тұлғасын жасау, қала мен ауыл және олардың адамдарының кейбір кездерін көрсету жолындағы суретшінің ізденіс-қиналыстары, сұлулық сырлары суреттелген әңгімелер жеңіл оқылады. Жазушы С.Әсіпұлы алғашқы уақытта журналистік жұмыс­пен шұ­ғылданады.Қостанай облыс­тық «Большевиктік жол» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, Амангелді аудандық «Социалистік шаруа», Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл» (кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь») газетінде жауапты хатшы, редактор болған. 1965-1967 жылдары Жангелдин аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1972 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас ­редакциясында аға ғылыми қызметкер, бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып істеген. «Қазақ қасіреті», «Қатерлі дерт, қалжыраған халық», «Тан­таловы муки степи» кітап­тары бар. «Нұрхан Ахметбековтың поэ­тикалық әлемі» деген тақырыпта кан­дидаттық диссертация қорғады. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Тоқсан жастың белесіне ­көте­рілсе де қолынан қаламы түс­пеген қаламгерге зор денсаулық, шығар­ма­шылық табыс тілейміз.

Смайыл Базарбай

15499 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Шежіреші шерткен сыр
Келесі мақала «Тәуелсіздікке тағзым»

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №39

24 Қыркүйек, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жанарбек Әшімжан

Бас редактор